Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Самара – Шымкент тасжолында жол-көлік апатынан 6 адам қаза тапты

Самара-Шымкент тас жолында болған жол апатынан алты адам қаза тапты, екеуі жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы түн ортасы кезінде Ырғыз ауданы Қалыбай   ауылының маңындағы жолдың 1046 шақырымында орын алды, деп мәлімдеді Ақтөбе облысының полиция департаменті. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ДТП шымкент самара

“Қырғызстан республикасының азаматы Honda Fit көлігінің 32 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны басқарған LADA Largus көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан LADA Largus көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы, сондай-ақ Honda Fit көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. "Honda Fit" көлігінің жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Ырғыз кентінің орталық аудандық ауруханасына жеткізілді”, – деп мәлімдеді полиция.



Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ақберен Амангелді
Жексенбі, 31 Шілде, 2022 16:45
Талқылау