Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салмағы триллион тоннаға жуық: Әлемдегі ең үлкен айсберг 30 жыл дегенде алғаш рет қозғалды

Антарктидаға жақын жерде орналасқан әлемдегі ең үлкен A23a айсбергі 30 жыл дегенде алғаш рет қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: foxnews.com

Салмағы триллион тоннаға жуық айсберг A23a 1500 шаршы миль аумақты алып жатыр. Ғалымдар қарашаның соңында мұз блогының қозғалысы басталғанын хабарлады. Ол Антарктиданың таяз тұсынан шығып, "айсберг аллеясы" деп аталатын жолмен қозғалып, Оңтүстік мұхиттың көп бөлігіне енетіні атап өтілді.

"Айсберг Оңтүстік Джорджия аралына жеткен бойда қайтадан көтерілуі мүмкін. Бұл аймақтың фаунасына кері әсер етеді", – деді мамандар. 

Мұз үйіндісі жануарлардың қоректенуіне кедергі келтіруі мүмкін. Атап айтқанда, итбалықтар мен пингвин балапандары қиындыққа тап болады.

"Сонымен қатар A23a жылы суға түскен кезде кішірек бөліктерге бөлінуі мүмкін. Еріп жатқан айсберг мыңдаған жылдар бойы сақталған минералдарды шығарады. Минералдар аймақтағы ағзаларды кейбір қоректік заттармен қамтамасыз етеді, бірақ қысқа мерзімде азық-түлікке қол жеткізу қиынға соғады", – деді сарапшылар.

Талқылау