Брендке 5 жыл толды: Salam Bro Қазақстан халқының сүйікті бургеріне қалай айналды
2025 жылдың 21 ақпанында Salam Bro жылдам тамақтануды ұсынатын мейрамханалар желісі өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы жылдар ішінде бренд күрделі, бірақ қызықты жолды жүріп өтті. Ол Алматыдағы Панфилов көшесіндегі бір ғана нүктеден бастап, Қазақстандағы ең ірі фастфуд брендтерінің біріне айналды. Алайда танымалдық пен кеңею тек жарқын жарнамалық кампаниялардың нәтижесі емес. Бұл – сапаны, сервисті және аудиторияны кеңейтуді үздіксіз жетілдірудің жемісі. Бүгінде Salam Bro – HoReCa саласында бизнес процестерін қалыптастырып, брендтердің кеңеюіне қолдау көрсететін KEX Group басқарушы компаниясының негізгі жобаларының бірі.
Бәрі қалай басталды
2020 жылы 21 ақпанда Алматыда жаңа мейрамхана – Salam Bro ашылды. Брендті танымал вайнерлер Жека (Жеңіс Омаров), Арман Юсупов және Артур Асқарұлы таныстырды. Жарқын стилі, қолжетімді бағасы, дәмді бургерлері мен ерекше атмосферасы арқылы Salam Bro бірден өзгелерден ерекшеленді.
Алайда алғашқы нүкте ашылған соң бір айдан кейін 2020 жылдың наурызында еліміз COVID-19 пандемиясына байланысты локдаунға тап болды. Бұл команда үшін алғашқы үлкен соққы болып тиді, бірақ ұжым мәзір мен жұмыс форматын бейімдеу арқылы оны еңсерді.
"Алғашқы айлар өте қиын болды. Толықтай хаос, әрі қарай не істерімізді білмедік. Көптеген мекеме жабылып жатты, бізде де “егер шыдай алмасақ ше?” деген қорқыныш болды. Бізге тез бейімделуге, жылдам шешім қабылдауға, сынақтардан өтуге, қателесуге, қайта әрекет етуге тура келді. Осылайша, біз өз күшіміздің икемділік пен өзгерістерге бейімделе білуде, сондай-ақ жылдам шешімдерден қорықпауда екенін түсіндік. Бұл қағиданы негіз етіп алдық және ол әлі күнге дейін алға жылжуға көмектесіп келеді", – деп еске алады Salam Bro компаниясының операциялық директоры Мадина Чанашпай.
Бірақ сол қиын күндер ең маңызды нәрсені – міндетімізді айқындап берді. Salam Bro жай ғана бургер сататын орын емес, қонақтарына шынайы қамқорлық көрсететін брендке айналды. Дәл сол кезде әлеуметтік бастама "DaBro Бургер" іске қосылды, оның арқасында 13 мұқтаж отбасыға үй алып беру үшін қаражат жиналды. Адамдарға тек тағам ғана емес, шынайы игі істер арқылы да жақын болу – Salam Bro философиясының және KEX Group құндылықтарының маңызды бөлігіне айналды.
Жаңа сапа стандарттары
Осы бес жыл ішінде Salam Bro өз желісін дамытумен ғана шектелмей, өнімдерінің сапасын да үнемі жетілдіріп отырды. 2022 жылы бренд толықтай таңдаулы сиыр етіне көшіп, фирмалық нанын жақсартты, тек жаңа піскен өнімдерді қолдануды бастады. Бұл маңызды шешім болды, себебі тұтынушылар енді жай ғана жылдам фастфудты емес, қолжетімді баға мен премиум сапаның үйлесімін жоғары бағалай бастады.
"Көпшілік фастфудты тек жылдамдықпен байланыстырады, бірақ біз үшін бұл ең алдымен дәм. Біз бір орында тұрмаймыз – үнемі жаңа өнімдерді сынап, тұздықтардың, нанның және еттің үйлесімін жетілдіріп отырамыз. Salam Bro – бұл қолжетімді бағаға дәмді әрі адал өнім", – дейді Salam Bro бренд менеджері Жания Асылғалиева.
Жарқын кампаниялар мен ауқымды шаралар
Salam Bro әрдайым ерекше маркетингтік қадамдарымен ерекшеленді. Мысалы, 2021 жылы әртіс De Lacure "Salam broooooooo, бургер фри, хот дог" атты трек шығарды, ол бірден кең таралып, брендтің жастар арасында танылуына көмектесті.
Алайда ең маңызды оқиғалардың бірі 2024 жылы брендтің амбассадоры атанған UFC-дің жеңілмейтін файтері Шавкат Рахмоновпен жасалған коллаборация болды. Осы ынтымақтастық аясында премиум сиыр етінен, ерекше дәм үйлесімдерінен және жоғары сапалы наннан жасалған Нано Бургерлер шығарылды. Бургер қонақтардың жүрегін жаулап, Salam Bro-ның хитіне айналды.
"Бұл коллаборацияны талқылағанда, оның ерекше болуы керек екенін түсіндік. Шавкат – нағыз халық батыры, күшті, тәртіпті, сондықтан біздің бургер де осы қасиеттерге сәйкес болуы керек еді. Біз премиум етке, батыл дәмдерге назар аудардық, нәтижесінде шынымен де ерекше өнім алдық", – деп атап өтті Salam Bro маркетинг бөлімі директоры Тамирис Кушалиева.
Сонымен қатар Salam Bro қалалық ірі фестивальдерге белсене қатысып, Coca-Cola компаниясымен серіктесе отырып, өзінің фудтрагін жазғы іс-шаралардың жарқын элементіне айналдырды. Жуырда Алматы көшелерінде брендтің қаладағы танымалдығын арттыратын Salam Bro-ның жаңа креативті билбордтары пайда болады.
Salam Bro бүгін және болашақ жоспарлары
2025 жылы Salam Bro – тек жылдам тамақтану мейрамханаларының желісі емес, қала мәдениетінің бір бөлігіне айналған бренд. Осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі – спортты және халық батырларын қолдауды жалғастыра отырып, боксшы Асу Алмабаевпен жасалған серіктестік болды.
Мерейтойға орай Алматыда компания стилінде жасалған автобус аялдамалары пайда болды, олар Salam Bro тек тамақтанатын орын емес, қаланың тыныс-тіршілігімен біте қайнасқан бренд екенін көрсетеді.
"Бүгінде Salam Bro – достар кездесетін, маңызды сәттерді бөлісетін, жеңістерді атап өтетін және жай ғана дәмді тағамнан ләззат алатын орын. Бұл – қонақтарымен бірге өскен бренд. Мұның барлығы – үздіксіз ізденіс, батыл шешімдер және өз ісіне деген адалдықтың нәтижесі", – дейді брендтің креативті директоры Әсел Налыбекова.