Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салафизмнің ықпалына түскен қазақ әйел екі баласын алып күйеуін тастап кеткен

Алматы тұрғыны өз әйелінің діни ұйымның ықпалына түсіп, қалай үйден кетіп қалғанын айтып берді.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазады.

Ербол (аты өзгертілді) келіншегі Айгүлмен жеті жыл бірге тұрған. Айтуынша әйелінің діни сенімі болған, бірақ ешқашан фанат болмапты.

“Ол жыл сайын Кавказға анасына барып тұратын. Жұмыс істемейтін болған соң балаларды да ертіп кететін. 2014 жылы кезекті рет төркініне барып келген соң хиджаб киіп, намаз оқығысы келетінін айтты. Мен мұндайға қарсы емес едім, әркез қолдаймын, бірақ оған бұл туралы кім кеңес бергенін білгім келді. Ол бұл кеңесті өзіне кішкентайынан “нағыз мұсылман” болған “әпкелері” бергенін айтты”, – дейді Ербол.

Оның айтуынша 2016 жылдың наурызына дейін бәрі дұрыс болған. Бірақ, “әпкелерімен” үнемі байланысып тұрыпты. Сосын біртіндеп, ананы істеуге болмайды, мынаны істеуге болмайды, ол харам деп айта бастапты. Тіпті музыка тыңдап, мереке тойлауға да шек қоймақшы болады. Түнде теледидарды өшіріп тастап, балаларға тек діни әуендер тыңдатқан.

“Ол Алматыда тұратын кавказдық қыздармен араласып жүрді. Ол қыздың күйеуі Тәжікстаннан депортацияланған. Бір күні: “Мен енді мешітке бармаймын, ол жерде ханафи мазхабы, мен оған көндіге алмаймын, мен нағыз берілген мұсылман-салфитпін” деп айтты. Тіпті кешке терезені де ашпай, онда шайтандар ұшып жүреді дейді. Барлық безендірулерді алып тастап, тіпті неке сақинасын да шешіп тастады”, – дейді ол.

Ал әйелін имамға барған кезде, имам әйелдің әбден басы айналып қалғанын жеткізеді. Ақыры ұрысып, әйелімен ажырасып тынған Ербол сотқа жүгінген. Ал әйел болса “қашан нағыз мұсылман боласың, сенімен сол кезде ғана қосыламын” деп шарт қойған. Ербол екі мәрте сотта жеңгеніне қарамастан, әйел әлі өз дегенімен жүрген көрінеді.

Тағы да оқыңыз:

Сот бизнесмен Қайрат Жамалиевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Шымкентте анасы өлімші етіп сабаған 7 жасар бала тағы да ауруханаға түсті

Жезқазғанда күйеужігіт балконға шыққан қалыңдығын кранмен «алып қашты» (видео)

ҰҚК экс-басшысының ағасы қамауға алынды

Талқылау