Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот бизнесмен Қайрат Жамалиевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Сотталған бизнесмен Қайрат Жамалиевке қатысты сот өтелмеген жаза мерзімін жеңілдетілген жаза түріне ауыстырудан бас тартты.

Сурет: forbes.kz

Қапшағай қалалық сотының шешімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Сотталушының жазасын жеңілдетуден бас тарта отыра сот әкімшілік мекеменің сотталушыға қатысты дәлелді айғақтардың жеткіліксіздігі туралы оқыды. Заңға сәйкес, жаза әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру үшін тағайындалады. Сондықтан сот осы мерзім іщінде қоғамдық әділдік орнады деген шешім жасай алмады», – деді Алматы облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін 13 жылға сотталған бизнесмен Жамалиевтің биыл тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін екендігі туралы ақпарат жарық көрген еді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін де ҚР Ішкі істер министрлігі Қайрат Жамалиевтың түрмеде ВИП камерада отырғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте анасы өлімші етіп сабаған 7 жасар бала тағы да ауруханаға түсті

Жезқазғанда күйеужігіт балконға шыққан қалыңдығын кранмен «алып қашты» (видео)

ҰҚК экс-басшысының ағасы қамауға алынды

Талқылау