"Салафизмнің ішіндегі мадхализм ағымына жақын": Белгілі теолог Рүстем Жүгінісовтің діни көзқарасына қатысты пікір білдірді
Фото: Жеке парақшадан алынды
Белгілі дінтанушы, теолог Асқар Сабдин өнерді тастап дінге кеткен Рүстем Жүгінісовке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дін өкілі өнер иесінің әкімшілік жаза арқалағанын Еrbol Seilkhan Youtube арнасына берген сұхбатында айтты жайып салды.
“Былтыр Астана қаласында Рүстем Жүгінісовке қатысты іс қозғалған. Ол заңсыз діни қызмет атқарған. Маманы болмастан діни мазмұндағы ақпаратты таратқан. Ханафи мазхабы бойынша қаншама маманданған ұстаздарымыз бар. Заң бәрін жауапкершілікке тарта алады. Мессионерлік қызмет атқарып жүрген жандардың бәрі заң алдында жауап береді”, – деді исламтанушы.
-
"Ауғанстанға көшіп кет": Баян Мақсатқызы мешітте қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовке ашуланды
-
"Көңілге тиіп жатыр": Мирас Жүгінісов ағасы Рүстем үшін кешірім сұрады
Одан кейін экс әншінің діни көзқарасына қатысты қандай ағымда жүргенін де айтып берді.
"Салафизмнің ішінде қазіргі таңда мадхализм деген ағым бар. Әлем бойынша өте белсенді ағым болып есептеледі. Бұлардың ең үлкен витринасы — "біз билікті жақсы көреміз. Кез келген билікке қарсы шығуға болмайды" дейді. Әнші Рүстем Жүгінісов салафизмнің ішіндегі мадхализм ағымына жақындау. Себебі жанында “ұстаз” деп жүрген жігіттер сол діни идеологияны таратып жүр. Қазақстанда мадхализм ағымын ұстанатын 20 мың адам бар. Мадхализм салафизмнің ішінде әдемі витринасы бар, бірақ кейбір елдерде қан төгіп жүрген ағым. Мысалы, Ливияда", – деді исламтанушы.
Еске салайық, Рүстем Жүгінісов бір реттік некеге тұруға қатысты дауда қызды кінәлаған еді.

"Пәтер алуға ақша жинап жүрген, бірақ үлгермеді": Үстіне ағаш құлап мерт болған әйел жайлы әріптестері естеліктерін бөлісті
