Қазақстандық қақпашы ойнайтын клуб Еурокубоктан шығып қалды
Фото: KFF.kz
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов ойнайтын бакиндік "Сабах" Конференциялар лигасындағы жолын аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үшінші іріктеу кезеңінің жауапты ойынында әзірбайжандық клуб өз алаңында Болгарияның "Левски" командасынан 0:2 есебімен ұтылды.
Қонақтардан Радослав Кирилов 40-минутта, ал Мазир Сула 87-минутта гол соқты. Покатилов негізгі құрамда бастап, толық матч өткізді. Ол биылғы маусымда "Сабах" сапында Конференциялар лигасының барлық төрт кездесуінде, сондай-ақ Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде қақпаны қорғады.
Айта кетейік, алғашқы матчта да "Левски" 1:0 есебімен жеңген. Екі кездесу қорытындысында болгариялық команда 3:0 есебімен келесі кезеңге өтті. Енді олар Нидерландтың "АЗ" клубымен негізгі кезеңге жолдама үшін кездеседі.
- "Астана" 2025/26 жылғы еурокубок маусымында 900 мың еуро тапты
- "Астана" футбол клубы Конференция лигасында жеңіліп, жарысты аяқтады
Еске салайық, өткен маусымда Әзірбайжан кубогын жеңіп, "Сабах" Еурокубокқа қатысу құқығын иеленген еді.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
"Соңы қуғын-сүргінге алып келеді": Белсенділер Қазақстан депутаттарының ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы шешіміне қарсы шықты
Депутаттар ашық насихатталып жатқан бір жынысты неке, педофилияға заңмен тыйым салу көзделіп отырғанын айтты

