Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көк шөппен кесті": Мейрамбек Беспаев қызының тұсаукесер тойын өткізді

Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев қызының 1 жасқа толу әрі тұсаукесер тойын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жақындарының басын қосты.

“Мәке-Мархабай той-тойға ұласын. Айзия балапанның 1 жасы құтты болсын", – деп жазды өнердегі достары.  

“Айзия қызымыздың тұсауын көк шөппен кесу мәртебесі жүрегімнің ішіндегі жүрегім Динараға бұйырды. Көгеріп, көктеп, тамыры тереңге тартылып, мәуелі бәйтеректей жайқала берсін”, – деп жазды Сәкен Майғазиев. 



Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын әншінің жары 9 жыл күткен сәбиін дүниеге әкелген еді. 

“Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздерге бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", – деп жазды өнер иесінің жұбайы.  

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек, 2025 10:47
Талқылау