Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы шаңырақ көтермек. Ол сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сүйіктісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына ұсыныс кезінен фотосуреттерін жүктеді. Әділет Майғазиев ұсыныс жасауға әдемі күнді де таңдаған.

“Бірге. Мен оған келісім беріп, “Иә” деген күнім ешқашан ұмытылмайды”, – деп жазды Әдия Мәулен. 


  • "Әлеуметтік желіден естідім": Сәкен Майғазиев ұлының үйленуіне қатысты пікір білдірді

  • "Жасы 20-да, Жаңаөзеннің қызы": Сәкен Майғазиевтің болашақ келінінің кім екені белгілі болды


Еске сала кетейік, Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні Жаңаөзеннің қызы, жасы жиырмада. Руы адай, Әдия есімді бойжеткен. Тойдың қашан болатынын Әділеттің досы Олжас Еспанов айтып қойған еді. 

“Екі жақтың ата-аналары ресми түрде танысып, тәтті шай ішкен жоқ. Бірақ кездескендерін естідім. Тамыз айының аяғында үлкен тойды жоспарлап отыр”,  – деген еді Нұрлан Еспановтың ұлы. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 07 Мамыр, 2025 08:28
Талқылау