Сәкен Майғазиевтің тұсау кескені үшін 1 000 доллар алатыны рас па?
Соңғы кезде жұрт арасында «Сәкен Майғазиев тұсау кескені үшін ақша сұрайды екен» деген қауесет тараған-ды. Алайда әншінің өзі мұндай жемқорлық түрінен алшақ екенін айтып ақталды.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды, – деп жазады Stan.kz.
Әнші осы күнге дейін 50-ге жуық бүлдіршіннің тұсауын кескен екен. Ол бірде-бір рет ақша алып көрмегенін айтып жатыр.
«Мені үлгі тұтып, балаларының тұсауын кестіріп жатса, тек қана қуанамын. Адал атыма лайық болуға тырысамын. Соңғы кезде «Сәкен Майғазиев тұсау кескені үшін 1 000 доллар көлемінде» ақша сұрайды деген қауесетті естіп, маған хабарласады. Жоқ, мұндайдан құдай сақтасын! Біреу маған баласының ұқсағанын қалап тұсау кестіріп жатса, мен неге сыбайлас жемқорлықпен айналысуым керек?! Мұндай іс азаматқа жараспайды! «Мынандай ақша берсең ғана барамын» деген дүние жоқ. Бай-кедей, ақ-қара, ұзын-қысқа деген талап жоқ менде», – дейді Сәкен Майғазиев.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева Ақботаның отбасылы азаматпен көңіл қосқанына режиссер Ұзабаевты кінәлаған
Баян Есентаева ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге алғыс айтып, 43 раушан сыйлады
Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзовтің интимді суреттері жарияланды
Баян Мақсатқызы желіге 20 жыл бұрынғы ән айтқан сәтін жүктеді (видео)