Баян Есентаева Ақботаның отбасылы азаматпен көңіл қосқанына режиссер Ұзабаевты кінәлаған

Баян Есентаева КешYou тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейтмағамбеттің отбасылы азаматпен көңіл қосқанына режиссер Асқар Ұзабаевты кінәлаған.

узабаев акбота баян

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Асқар Ұзабаев Дәурен мен Ақбота басты рөлді сомдаған “Гламур для дур” фильміне режиссерлік еткен еді. Естеріңізде болса, елді шулатқан қос ғашықтың махаббат хикаясы дәл осы фильмнің түсірілім жұмыстары кезінде басталған.

Ал ғашықтардың қосылуына себепкер болған режиссер ұлды болғанын Дәуреннің өз аузынан естігенін айтады.

“Иә, Дәурен хабарласып, сүйінші хабарды жеткізді. Құттықтадым. Мен оларға денсаулық, сабыр, ал Дәуренге ақыл тілер едім”, – дейді режиссер.

Асқар Ұзабаевтың дәл осылай ерекше лебіз білдіруінің өз себебі бар екен. Нақтырақ айтсақ, «Гламур для дур» фильміне режиссерлік жасап, Дәурен мен Ақботаны басты рөлге бекіткен азамат киносының өмірдегі шынайы оқиғаға айналып кетерін білмеген. Бірақ дәл осы фильм төңірегінде біраз сөз естігенін айтады. Наразылық білдіргендердің көшін Баян Мақсатқызы бастапты.

КешYou тобына продюсерлік жасаған экс Есентаева шәкіртінің отбасылы азаматпен бас қосқанына Ұзабаевты кінәлаған. Мақсатқызы фильм режиссерін жастардың жүріс-тұрысын қадамалағаны үшін айыптаған.

«Иә, маған сын айтқандар болды. Бірақ ол екеуі ересек адам. Білмеймін, мен түсірілім жұмыстарынан кейін оларды бақылауға міндетті емеспін ғой. Олардың әкелері ұқсап «мынамен айналысуға болады, ал мынаны болмайды» деп айтуға міндетті емеспін. Барлығымыз ересек адамбыз. Әркім өз ісіне өзі жауап береді. Бұған қатысты қандай пікір білдіретінімді де білмеймін. Бәріміз де тірі адамбыз. Ғашық боламыз, айырылысамыз. Жалпы бұл істе мені кінәлау үшін өте ақымақ адам болу керек шығар», – дейді Ұзабаев.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге алғыс айтып, 43 раушан сыйлады

Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзовтің интимді суреттері жарияланды

Баян Мақсатқызы желіге 20 жыл бұрынғы ән айтқан сәтін жүктеді (видео)

Баян Есентаева өзінен шаршағандарға бір жыл “демалыс” беретінін мәлімдеді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар