Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге алғыс айтып, 43 раушан сыйлады

Баян Есентаева бір жыл бұрын өзін ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге алғыс айтты. Осы орайда, продюсер оларға 43 раушан гүлін тарту еткен-ді.

19227752_1863300627325961_7250206804863352832_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бір жыл бұрын Баян Есентаева ауыр жағдайда ауруханаға түскен болатын. Дәл сол сәтте оның өмірін Талғар ауруханаларының дәрігерлері құтқарып қалды. Осы орайда, ол аталған аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтып, 43 раушан гүлін сыйлады

19051983_1537306149632989_4214160333889077248_n

«Осы адамдардың арқасында мен аман қалдым. Бүгін Талғар қалалық ауруханасының дәрігерлеріне алғыс айту үшін арнайы келдім. Маған өмір сыйлағандарыңыз үшін рахмет! Жол жөнекей гүлдер дүкеніне кірдім. Бастапқыда 101 раушан сатып алмақ болдым. Ал дүкенде 43 гүл қалған екен. Менің жасыммен пара-пар. Маған өмір сүруге, сүюге мүмкіндік беріп, қиын сәтте қасымда болған жандарға алғыс айтамын. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын. Денсаулықтарыңыз мықты болсын!» – дейді Баян Есентаева.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзовтің интимді суреттері жарияланды

Баян Мақсатқызы желіге 20 жыл бұрынғы ән айтқан сәтін жүктеді (видео)

Әдетте тек қазақша сұхбат беретін Қайрат Нұртас Нагиевпен орысша сөйлесті (видео)

Қытай түсірген деректі фильмде Димаш туралы айтылды (видео)

Талқылау