Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай түсірген деректі фильмде Димаш туралы айтылды (видео)

«Қытай және Қазақстан: Достастық тарихы» атты деректі фильмде Димаш жайлы айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

2e96c58a1fb00dafe03937039f1

Екі бөлімнен тұратын деректі фильм Қазақстан-Қытай дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуына орай арнайы түсірілген. Фильм CСTV орталық телеарнасынан көрсетілді.

Деректі фильмде ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуі,  Қазақстанның тарихы мен мәдениеті, экономикалық дамуы, Астана төрінде сондай ақ Қытаймен сауда-саттық, машина құрастыру өнеркәсібі, транзиттік тасымалдау, энергетика, туризм салаларындағы ынтымақтастығы баяндалған.

Әншінің «Singer – 2017» ән байқауы кезінде бастан кешкен оқиғалары айтылады.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында елордадағы «Астана-Арена» стадионында 27 маусым күні Димаштың үлкен шығармашылық кеші өтеді. Кешке әлемдегі танымал әншілер мен жанкүйерлер келмек.

Тағы да оқыңыз:

Димаш тағы бір айтулы жүлдеге ие болды

Димаштың анасы 20 жыл бұрынғы хит әнін орындады

Димаштың қытайлық жанкүйерлері Ақтөбеге баруға дайындалып жатыр

Талқылау