Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: мұсылманның өзгеден айырмашылығы – Аллаға ғана тәуелді екенін жүрегімен мойындауы

Сәкен Майғазиев өзінің діни танымына жақын жазбасын бөлісіп, жұрттың ыстық ықыласына бөленді.

21147263_1808525079438805_4158925658598146048_n

Сурет: Сәкен Майғазиевтің жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жұма келісімен танымал жұлдыздар әлеуметтік желідегі парақшаларында кезекті жазбаларын бөлісіп, қасиетті күннің сәтті өтуін тілеп жатады. Сәкен Майғазиев те желі арқылы өзіне ұнаған жазбасын бөлісуді жөн көрген екен.

“Жеті қат аспан, бүкіл мақлұқат Алланы ұлықтап, дәріптейді. Алла тағала бізге мұқтаж емес. Алла тағаланы мойындамаған адамның өзі Алла тағаланікі. Ол раббысына жүрегін бермесе де, өмірі Алла тағаланың қолында. Ол ауырғанды қаламайды. Бірақ ауырады. Ол молшылығының тарылғанын қаламайды. Тарылады. Адам ұзақ өмір сүргісі келеді. Бірақ, өлім келеді. Бүкіл дүние тіршілігі Аллаға тәуелді. Шынайы мұсылманның өзгеден айырмашылығы өзінің бір Аллаға ғана тәуелді екенін жүрегімен мойындауы. Жұма мүбәрәк, жақсылар”, – деп жазады Сәкен Майғазиев кезекті жазбасында.

Аталған жазба, әншінің айтуынша, Ерлан Ақтаевқа тиесілі. Мұны оқыған желідегілер де жылы лебіздерін жарыса білдіріп жатты. “Өте керемет айтылған екен!”, “Сәкен інім, жұма мүбәрак болсын!”, “Алла тағаладан жақсы тілек тілейік. Алла жар болсын”, “Күшті! Осындай әсерлі сөздер жазып тұрыңыздаршы” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Димаштың әнін көше ортасында айтқан қытай қызы желіні “жарды” (видео)

Ернар Айдар жұбайына естен кетпес тосынсый жасады (видео)

Жұлдыз Өмірғали Айқынға ұл туып берді

Есірткі, ішімдік, казино: Зиянды әдетке бой алдырған танымал жұлдыздар (фото)

Талқылау