Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есірткі, ішімдік, казино: Зиянды әдетке бой алдырған танымал жұлдыздар (фото)

Сырт көзге жалт-жұлт етіп жүретін танымал жұлдыздардың өмірі жұртқа мінсіз көрінеді. Алайда адам болған соң, танымал тұлғалардың да өз жол торабы, қайталанбас тағдыры, бастан өткерген түрлі қиыншылықтары болады. Бұл ретте ел танитын азамат пен азаматшалардың арасында осалдық танытып, зиянды әдеттерге әуестеніп кеткендері де бар. Осы ретте Stan.kz назарларыңызға ішімдік пен есірткіге, одан қалса құмар ойынға әуес болған жұлдыздар тізімін ұсынады.

зиянды адетке ауес2

Халық әртісі Мақпал Жүнісованың тағдыры көпшілікке аян. Жары Заманбек Нұрқаділовтен айырылып қалғаннан кейін елдің ерке қызы ұзақ уақыт күйзелісте болды, сахнаға да шықпады. Өміріндегі қиын кезеңде Халық әртісі ішімдікке салынып кеткенін өзі айтқан болатын. Алайда көп ұзамай қатесін түсінген әнші ел алдында ішімдік ішпеуге уәде берген еді.

06004380013353505772504201257_800x600-768x510

“Өмірді сүрген сайын талай соқпаптардан өтесіз, менің адал жүрегіммен сүрінгенім рас, достарым кешірді, дұшпандарым да кешірсін, мен енді сыра да, арақ та ішпеуге тырысамын. Алла күнәмді кеш!” –деген еді Мақпал Жүнісова.

Ділназ Ахмадиева 31 арнаға берген сұхбатында бір кездері ауыр депрессияны бастан өткергенін мойындады. Сол кезде алкоголь өнімдерін көп мөлшерде тұтынғанын да жасырмады.

34ccae10332285d1c44087a2dd28843e_XL-1-4

“Өзімді жұлдыз санап кеткен сәттерім болды. Әкем бөлек, анам бөлек, мен бөлек тұрамын дедім. Отырыстар, көңілді кештер көбейіп кетті. Алайда күндердің күнінде өзімді жаман сезіне бастадым. Мұның күн сайын қайталана бермеуі керектігін, қысқасы көп ішуге болмайтынын түсіндім”, – деп еске алған болатын Ахмадиева.

Бұдан бөлек, танымал әнші ара-тұра темекі шегетінін жасырмай айтқан болатын.

Еліміздегі ең танымал хитмен Қайрат Нұртастың да бір кездері құмар ойын ойнағаны рас. Бұл туралы оның анасы Гүлзира Айдарбекова 31 арнаға берген сұхбатында айтқан болатын. Гүлзира Үсенқызының айтуынша, ақшасы көп болғандықтан, Қайратты қасындағы достары азғырған. Алайда біраз уақыттан кейін әнші қателігін түсініп, жаман әдетінен арылған көрінеді.

Кайрат Нуртас 130317

Сондай-ақ, Қайрат енді танылып келе жатқан шақта желіде оның ішіп алып, балағат сөздерін жаудырған видеосы тараған. Оны басқа емес, Қайраттың өз әріптесі Серікбол Сайлаубек түсіріпті. Бұдан кейін бұрынғы достар арасына сызат түсті.

Түсініксіз тілде ән салатын МС Сайлаубек ішімдіктің «арқасында» танымал болды. Ішімдікке салынып кеткен азаматтың рэп оқығанын әлдебіреулер мазақ қылып, желіде таратып жіберген еді. Дәл сол видеодан кейін МС Сайлаубекті бүкіл ел таныды. Алайда оның танымалдылығы ұзаққа созылған жоқ. Себебі бүгінде Сайлаубектің қайда жүргені беймәлім.

hqdefault

Қазақ эстрадасына өзгеше леп әкелген Ерболат Құдайбергеновтің есірткі тұтынғанын барша қазақ жұрты естіді. Бірнеше жыл бұрын Ерболат жол апатына ұшыраған болатын. Кейіннен әншінің қанынан есірткі анықталды.

uZQBBxcYh0Q

Нұрлан мен Мұрат тобындағы Нұрлан Әміров бір кездері құмар ойынға кіріп кеткен. Сол шақта тіпті, отбасы мен жұмысын ойламай кеткен әнші қымбат пәтерінен айырылып қалыпты. Салдарынан әнші ішімдікке салынып кеткен. Бұдан кейін Нұрлан ұзақ уақыт емделіп, 10 жылдан кейін сахнаға қайта оралды.

photo_3597

Әлемге әйгілі америкалық әнші Бритни Спирстің есірткіге тәуелді болғаны белгілі. Бритни бұл үшін өзінің продюсерін кінәлап, тіпті, бір кездері сотқа берген болатын. Бритнидің айтуынша, экс-продюсері Сэма Лафти күйзеліспен күресу мақсатында оған есірткі беріп отырған.

britney-spears-7

Атақты актриса Анджелина Джоли де есірткіге деген тәуелділікпен бірнеше жыл күрескен.

0_115946_84a9147f_orig

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Рахман Омардың жас әйелі: Өзге ұлт өкілдері сияқты күйеуімнің бірінші әйелімен жақсы араласқым келеді

Нұртас Адамбай: Жалға көлік алып, Ирма дауылынан қашып үлгердім

Шетелде жүрген Бүркіт пен Аиша құйынды дауылдан аман қалды

Бибігүл Төлегенова эстрада жолына түсіп кеткен Рымбаева мен Жүнісованы сынап тастады

Талқылау