Рахман Омардың жас әйелі: Өзге ұлт өкілдері сияқты күйеуімнің бірінші әйелімен жақсы араласқым келеді

Бейсенбі, 7 Қыркүйек , 2017 11:33

Рахман Омардың екінші жұбайы Ақмарал да актриса. Қос ғашықтар бір театрда қызмет етеді. Оларды таныстырған да, табыстырған да киелі сахна мен өнер. Отағасын күні бүгінге дейін «Рахман аға» деп атайтын сұлу келіншек алғаш рет отбасылық өмірі туралы сыр ашып, Stan.kz сайтының тілшісіне сұхбат берді. Актриса жан-жарының алғашқы әйелімен араласуға асық. Алайда, оның бұл ниетіне қарсылық білдірушілер көп екен.

62e72ef9f9344d37889516ba8f734b26

– Ақмарал ханым, қайырлы күн. Қалыңыз, көңіл-күйіңіз қалай? Әңгімені шығармашылықтан бастасақ. Бүгінде түрлі телехикаяларға түсіп, санқилы рөлдерді сомдап жүрсіз. Театрдағы жұмысыңыз ақсап қалмады ма?

– Рахмет, менде бәрі керемет. Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Иә, кино әлеміне енді-енді қадам басып келемін. Мен үшін жаңа әрі тың бастама десем де болады. Алайда, түсірілімнің кесірінен театрдағы қызметім төмендеп, жауапкершілігім азайды деп айта алмаймын. Театр менің басты жұмысым. Сондықтан, жұмысыма хоббиімнің еш кедергі келтірмеуін мұқият қадағаладым.

Сіз үшін театр мен киноның айырмашылығы бар ма? Қайсысы жаныңызға жақын?

– Театр мен киноны салыстыруға болмайды деп ойлаймын. Кинода дубль, кадр деген нәрселер болады. Сөзін ұмытып, шатасып жатсаңыз тоқтатып, ойланып, қайтадан жасап көріп жатасың. Ал, театр ол тірі органика. Сахна киелі. Сондықтан, киелі сахнаға шығып сөзін ұмытып, шатасуға актер адамның құқығы жоқ деп ойлаймын. Кинода рөл ойнайсың, ал театрда рөлмен өмір сүресің. Міне, осы себепті екеуі екі бөлек дүние. Мен үшін театр бірінші орында. Мен театрды сүйемін. Жалпы, театр бір ауру сияқты. Театрдың есігін бір рет ашып, дәмін көрген адам ешқашан ешқайда кете алмайды. Қандай салада қызмет етсеңіз де, бәрібір барлық ынта-ниетіңіз театрға ауып тұрады.

– Рахман аға бір сұхбатында «Арзанқол фильмдер қанша гонорар төлесе де түспеймін» деген. Сізге рөл ұсынған кезде ақшасына қарайсыз ба, әлде образға немесе телехикаяның сапасына мән бересіз бе?

– Шынымды айтсам, бұған дейін түскен сериалдардың ақшасына үлкен зер салып көрмеппін. Төленетін гонорар туралы еш бас ауыртпаймын. Маған ұсынылған рөлге үлкен мән беремін. Ол рөлді мен шығара аламын ба деп сұрақ қоямын. Кейіпкерім кім? Қандай сценарий? Соның барлығын ең бірінші кастингке барғаннан бастап жете зерттеймін. Ал, ақша мәселесіне келетін болсақ, ол негізі келісуге болатын нәрсе ғой. Ақша үшін кез-келген рөлді сомдаймын деп айта алмаймын. Ақша мен үшін соншалықты маңызды емес. Ең бастысы, кейіпкерімді аша білсем сол үлкен жетістік.

18160516_1170662986388882_8899691893995077632_n

Телехикаяларға шақырулар түскен кезде Рахман ағамен ақылдасасыз ба?

– Әрине, кастингке шақыру алған сәттен бастап отағасымен ақылдасамын. «Осындай режиссер мынадай телехикая түсіріп жатыр екен» деп айтып, рұқсатын сұраймын. Кастингке шақырулар көп болады. Бірақ, «бақ шаба ма, бап шаба ма?» демекші, қай кастингтен жолымның болатынын бір Алла біледі. Сондықтан, барлық шақыру келген кастингтерге еш ерінбестен барамын. Бағымды сынаудан жалықпайтын адаммын.

– Өнерде де, өмірде де әркімнің өзіндік көзқарасы болады. Сіздің үйде пікірталас, келіспеушілік болады ма? Ыдыс –аяқ сылдырлаған кезде кім бірінші кешірім сұрайды?

– Әрине, ыдыс-аяқ сылдырламайтын отбасы болмайды. Үнемі бақытты болып, күліп жүру мүмкін емес. Біз де тірі пендеміз. Адамбыз. Сондықтан да, ауа райы сияқты құбылмалы көңіл-күй, келіспеушілік болады. Пікірталас орын алады. Әр адам өзінше «лидер» болғандықтан, әркімнің жеке-жеке ой-пікірі болады. Соған келіспей қалатын сәттер де кездеседі. Енді көңілге қаяу түсетіндей ренжісіп көрмеппіз. Ондай реніштер болмай-ақ та қойсын. Бірақ, кейде ренжісіп қалған кезде кім өзін кінәлі санайды сол адам кешірім сұрайды. «Сол жерде артық кеттім. Мен дұрыс ойламаппын. Сол сөзім дұрыс болмады. Мен қателестім» деп бірінші болып кешірім сұрайды. Алайда, біз үйде ұрыс-жанжал тудырмауға, қабақ шытпауға тырысамыз. Өйткені, бала-шаға ондай сәттерді көрмеуі керек. Бала психологиясына ондай ауыртпашылық салынбауы қажет деп ойлаймын. Егер қатты проблема болып жатса, бөлмемізге кіріп, есікті жауып, дауыс көтермей сөйлесеміз. Солай мәселенің мән-жайын ашамыз.

16908224_1787445441574340_7510508365898842112_n

– Отағасын қызғанбайсыз ба?

– Жан жарын қызғану шариғатта да бар. Мал екеш малда қызғанады. Ол табиғат заңдылығы деп білемін. Иә, менің де бойымда қызғаныш сезімі бар. Бірақ, Рахман ағаны қатты сыйлайтын бірден бір себебім осы кезге дейін қызғануға еш себеп бермепті. Ол кісі қызғандыруға, ашуландыруға жол бермейтін азамат. Мен де ол кісіге сенемін. Арамызда әзірге қызғаныш үшін үлкен дау-дамай туындамады.

– Жеке өміріңізге қатысты оқырман көкейіндегі сұрақты қойсам деймін. Рахман ағаның алғашқы отбасымен араласасыз ба?

– Рахман ағаны жақсы көрген соң маған дейін қандай өмір болса да сыйлаймын. Түсінемін. Иә, ол кісінің бұрынғы әйелін де құрметтеймін. Өйткені, ол балаларының анасы ғой. Ал, ол балалар менің балаларымның бауырлары. Ендеше, қалай жақсы көрмеймін? Қалайша сыйламаймын? Әрине, араласуға болады. Бірақ, біздің қазақтарда менталитет басқаша. Мысалы, өзге ұлттарда ажырасып кетсе де бір-бірімен дос болып араласады. Алайда, ондай екі әйелдің арасындағы бірлікті біздің қазекеңдерден көрмедім. Көбіне арада реніш, өкпе болғандықтан шығар қарым-қатынас үзіледі. Өз басым араласуға дайынмын. Көрген жерде сәлеміміз түзу. Ешқандай да ортамызда реніш, өкпе, түсініспеушілік жоқ. Ол кісі менен он жасқа үлкен. Үлкендігін, өмір көргендігін өз басым сыйлаймын. Ол кісі де Рахман аға деген құрмет ретінде отағасының таңдауына түсіністікпен қарайды деп сенемін.

15099580_628812470625318_5873288612442800128_n

– Жастық шаққа саяхат жасайықшы. Жасы үлкен, сізге дейін некеде болған азаматқа тұрмысқа шығатын кезде іштей қорқыныш, үрей болды ма?

– Әрине, қорқыныш болды. Біз алғашқыда дос, әріптес ретінде араластық. Бір көре салып ессіз ғашық болып, махаббатқа мас болдық деп айта алмаймын. Біз бір-біріміздің өмірімізде қиындық болған кезде жолықтық деп ойлаймын. Өйткені, сол сәттерде менің де, ол кісінің де басында қиындық туындаған еді. Сол бір қиынқыстау кезеңде екеуміз бір-бірімізге сырлас, мұңдас, ақылшы, дос, тіпті психолог бола білдік. Кейін сол достықтың қалай махаббатқа ұласқанын байқамай қалдық. Рахман ағаның ұсынған қолы мен жүрегін мен кері қайтара алмадым. Себебі, ер азамат ретінде өмірдің қандай сынағы болса да ол кісіге арқа сүйеп,сенуге болатынын іштей сездім. Және аманатқа қиянат жасамайтын тұлға екеніне сенімді болғандықтан өз өмірімді тапсырдым.

– Ал, ата-ана, туыстарыңыз қалай қабылдады?

– Мен үйде он баланың кенжесімін. Сондықтан, анам да, барлық бауырларым, туыстарым қарсы болды. Алғашқы да жақындарымның сөзінен асып кетпейін деп өз ойымнан бас тарттым. Бірақ, дейтұрғанмен махаббат жеңді деп ойлаймын. Менің қорқақтап, екіойлы болып жүргенімді сезген ол кісі барлық қарсы болған кісілерге өзінің ақ ниеті мен адал сезімін дәлелдеді. Алайда, бәрі сіз ойлағандай оңай болмады. Көптеген өсек-аяң, әңгімелер мен сыбыстар болды. Арамызға от салуға да тырысқан жандар табылды. Сондай сынақтардың бәрінен екеуміз бірге қол ұстасып өттік десем болады.

16585504_1907299192836723_2178378215343521792_n

– Ал, күні бүгінге дейін жанжарыңызды «аға» деп атайды екенсіз…

– Иә, барлық достарымыз кейде күліп, әзілдеп жатады. Мен студент кезімде ол кісі атынан ат үркейтін азамат, өнер адамы болды. Кейін екеуміз бір сахнада кездескен кезде менен бақытты адам болмаған шығар. Сол кезден бастап «аға» деп атап жүрдім. Екі жарты бір бүтінге айналсақ та бұл әдетімнен таймадым. Тілім үйреніп қалғандықтан, басқалай атауға аузым бармады. «Аға» деген сөзден еш жамандық көрмедім. Керісінше, арамыздағы сыйластық артып, өзара үйлесім тапқандаймыз. «Аға» және «Сіз» деген екі сөз бар жерде ұрыс – керіс пен даудың орын алуы екіталай.

– Бүгінде бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырсыздар. Мектепке дайындық қалай?

– Иә, Ғажайып 4-сыныпқа, Абдрахман 2-сыныпқа қадам басты. Сабақта үздік оқушылар. Көбінесе олардың тәртібі мен үлгеріміне анамыз қарайды. Рахман аға да уақыт тауып, сабақтарына көз салып жүреді. Ал, мен қатал анамын. Үйде біреу бұзықтық жасаса «мамаңа айтамын» деген сөзбен қорқытамыз. «Әкенің сөзі – оқ, ананың сөзі- боқ» деген керемет сөзді ұстанамыз. Мектепке дайындықты әжесі алдын ала дайындап қойды. Мен тек киіндіруге алып бардым. Біздің балалар «мынаны киемін, мынаны кимеймін. Немесе мынау болады, анау болмайды» деп мазамызды алмайды. Кейбір былтыр киген киімдерді қайта киеді. Тек сыймай немесе тозып кеткен киімдерді жаңаладық. Балаға жастайынан барға қанағат етуді үйрету керек. Шынымды айтсам, екі баланы киіндіру, қажет жабдықтарын алу үшін 100 мыңдай қаржы жұмсадым. Меніңше, бұл өте көп ақша емес.

17333954_1895788730668383_7171253679486402560_n

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан: Қайда барсам да, іштей болашақ жарымды іздеп жүретінім шындық

Айқынның өтірігі ашылып қалды

Жанатбек Бәйтеков: Атақ-марапаттардың бәрі елге еңбегі сіңбеген азаматтарға беріліп жатыр

Динара Сұлтан алғаш рет өзінен 17 жас үлкен күйеуі жайлы айтты (фото)

Алпамыс Шәрімов: Әлем жұлдыздары дуэт айтуды ұсынды, бірақ Димаш ойлануда

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар