Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай: Жалға көлік алып, Ирма дауылынан қашып үлгердім

Америкада жүрген кинорежиссер Нұртас Адамбай Ирма дауылынан қалай қашып құтылғанын әңгімеледі. Бірнеше адамның өмірін жалмаған алапат дауыл кезінде Адамбай Майамиде болғанын айтты.

нуртас адамбай дауыл

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қайта табиғи апат туралы алдын ала ескертілгендіктен, ол жалға көлік алып, өзге аймаққа қашып үлгеріпті.

«Кеше Майамиде Винвудта кездейсоқ алматылық студент қыздарды жолықтырып қалдық. Олар елге 7 қыркүйек күні ұшатындарын айтқан еді. Үлгереді деп сенеміз. Есімдерін де сұрамаппыз. Егер бұл жазбаны оқыған болсаңыздар, маған жазып қойыңыздаршы.

Түнде әуежайда Астанадан келген басқа студенттермен таныстық. Олардың рейсі 8-қыркүйекке қалдырылыпты. Біз оларға жалға көлік алып, ол жерден тез арада кетіп қалуға кеңес бердік.

Ал біздің жолымыз болды, кептеліс басталғанға дейін кетіп үлгердік. Менің ФБ-дағы досым Темір Хан сол жақта қалды. Сұрапыл дауылдың өтіп кетуін үйде күтемін деді. Бірақ таңертеңгісін бәрібір қайтатынын айтты. Барлығы оңынан болар деп сенемін.

Дүкенде су, ал көшеде адам жоқ. Жұрт терезелер мен дүкен сөрелерін металлды қақпалармен жауып жатыр. Бұдан өзге, құм толтырылған қаптар тегін таратылуда.

Сол жақта қалып қалған достарым, абай болыңдар!» – деп бөлісті Нұртас.

Айта кетейік, күні кеше Американың бірқатар аймақтарында және Доминикана мемлекеті аумағында құйынды дауыл болды. Табиғи алапат бірнеше адамды қыршынынан қиды. Әзірге зардап шеккендердің нақты саны белгісіз.

Есте болса, бұған дейін жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша дауылдан қалай аман қалғандарын айтқан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Бибігүл Төлегенова эстрада жолына түсіп кеткен Рымбаева мен Жүнісованы сынап тастады

Рахман Омардың жас әйелі: Өзге ұлт өкілдері сияқты күйеуімнің бірінші әйелімен жақсы араласқым келеді

“Ninety one” тобы: Қайрат пен Төреғалиді тыңдамаймыз, бірақ сыйлаймыз

«Жетер енді»: Роза Әлқожа әншіні көрсе қуанып, сыртынан жамандайтындарға назын айтты

Талқылау