Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев диссертациясын Google-ға сүйеніп жазғанын мойындады

Сәкен Майғазиев магистрлік диссертациясын ғылымда жүрген аға-әпкелерінің арқасында жазғанын айтып берді. Одан бөлек, әнші Google-дың көмегіне жүгінгенін жасырмады.

сакен гугл туралы

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әнші магистрлік диссертациясын жазу барысында ғылымның майын ішкен жандардан көмек сұраған.

«Әрине, ат үстінде жүрген азаматпыз. Ғылымда жүрген көптеген аға-әпкелеріміздің, әріптестеріміздің көмегіне жүгінген кездерім болды. Бағлан Бәбжан деген азаматша бар. Консерваторияда сабақ береді. Біраз ақпараттар жинауыма көмектесті деп айтсам болады. Оның үстіне Google «апай» да жаман кеңесші емес қой. Десек те Google-ға енбеген, зерттеуді көп қажет ететін дүниелер бар», – деп түсіндірді әнші.

Қазіргі уақытта Сәкен Майғазиев өнер академиясының докторантурасында білім алуда. Айтуынша, магистратурадағы жетекшісі Пернебек Момынұлы да, қазіргі жетекшісі Сара Әділгерейқызы да оған «Музартты» зертте деген. Алайда Сәкен Майғазиев бұл ойдан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

«Көкек өз атын шығарады. Ертең бірдеңені дәлелдеп, жақсы жетістікке жетіп жатсақ… Біздің жасағанымыздан жасайтынымыз көп әлі. Сол кезде жазылса жарасады деп әлі де бас тартып жатырмын. Алла нәсіп етсе басқа тақырып таңдайтын сияқтымын.

Өзге ұлт өкілдеріне, алыс жақын шетелдердегі музыкатанушыларға ең өзекті мәселелердің бірі – біздің ұлттық музыкамыз деп ойлаймын. Дәстүрлі әндердің тарихы, оның эстрадаға қалай енгені. Осы этно-фольклордың эстрадамен байланысы туралы тақырып қозғауды әлі де ұсыныс жасап жатырмын. «Музарттың» ашылмаған қырларын кейінгі өскелең ұрпақ зерттесе жақсы шығар. Әлі де болса ұяламын. «Музарт» болып сонша биікті бағындырдық деп ойламаймын», – деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Садырбай ауырған кезінде өзін тастап кеткен достары жайлы айтты

Димаш финалда кіммен дуэт орындайды?

Жанар Айжанова қысқарған шашы жайлы айтып жұртты күлдірді (фото)

«Жігіттер» тобының әншісі басынан өткен жағдайды баяндап берді

Талқылау