Кәсіпқой боксқа бет бұрған Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионатына қатысатын болды
Фото:Olympic.kz
Семейде 14 қазан күні бокстан ел чемпионатының жеребесі тартылды. Аталмыш тізімде 55 келіде Сәкен Бибосыновтың да аты көрсетілген. Демек Сәкен Бибосынов ел біріншілігінде бақ сынайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәкен Бибосыновтың бұл шешімі жанкүйерлер үшін күтпеген жаңалық болды. Өйткені ол жуырда, 26 қазан күні Бішкекте кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізетінін жариялаған еді. Соған қарамастан, ел чемпионатында бақ сынауға бел буған.
Сондай-ақ бұл додаға алты бірдей әлем чемпионы қатысады. Олар, 50 келіде Теміртас Жүсіпов, 55 келіде Сәкен Бибосынов пен Бексұлтан Боранбек, 75 келіде Сабыржан Аққалықов, 80 келі Санжарәлі Бегалиев, 85 келі Өнер Сейілхан. Бұлардың екеуі ересектер, төртеуі жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.
Семейдегі ел біріншілігі 21 қазанға дейін жалғасады. Дүбірлі бәсекеге 20 өңірінен 371 спортшы қатысады: 246 ер және 125 әйел былғары қолғап шеберлері.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

