Сәкен Бибосынов Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде өзбек боксшысына есе жіберді
Қазақстан құрамасының боксшысы Сәкен Бибосынов Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Жарысты ширек финалдан бастаған отандасымыз өзбекстандық боксшы Асилбек Жалиловпен жұдырықтасты. 51 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Жалилов жеңіске жетті. Осылайша, Өзбекстанның төрт дүркін чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы және күміс жүлдегері деген атақ-даңқы бар Жалилов жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"

