Сәкен әріптестерінен ерекшеленіп жазғы демалысын ауылда өткізіп жатыр (фото)
Сәкен Майғазиев жазғы демалысын отбасымен бірге ауылда өткізуді жөн көрді. Ол өзінің балаларын ата-анасына алып барды.
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Мейрамбек Беспаев, Айқын Төлепберген, Қыдырәлі Болманов сынды әріптестері шетелде демалса, Сәкен Майғазиев отбасымен бірге ауылға баруды жөн көрген. Әнші инстаграм парақшасы арқылы демалысының қызықты сәттерін бөлісті.
“Сүйейін қолыңнан ұстап, жұмақтың жолын нұсқап… Әжелеріне немерелерін иіскетуге ауылға тарттық. Алла – ұлық. Аман-есен анамызбен қауыштырған Аллаға мақтау болсын. Рахат Рәкең мен Мәкеңдікі болып жатыр. Анама сәлемдеріңізді жеткіздім. Сіздерге батасын беріп жатыр”, – дейді әнші.
Сәкен Майғазиев ауылда демалып қана қоймай, үйіндегілерге жүгері жинауға көмектескен. Десе де жүгері мен жоңышқаға аллергиясы бар екен. Осыған орай, ол аузын қолына түскен орамалмен тұмшалауға мәжбүр болған. Өзінің бұл әрекеті үшін жұрттан алдын ала кешірім кешірім сұрады. Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына қайран қалды. Арасында суреттегі Сәкенді Алдар Көсемен теңестіргендер де болды.
“Сәкен, бірнәрсеге аллергия болса, ол затты ұстау түгілі жақындауға болмайды. Есекжем болуы мүмкін. Абайлаңыз”, “Пісіріп жесең ғой, шіркін! Дәмі аузыңнан кетпейді. Әсіресе ауылдыкі”, “Мына суретте мультфильмдегі Алдар Көседен аумай қалыпсыз”, “Бала кезіміз есіме түсіп кетті”, “Қалада жүріп қанша атақты болсаңыз да, ата-анаңыз үшін мәңгілік бала болып қаласыз. Сондықтан жарайсыз, Сәкен аға” дейді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен пәтерден-пәтерге көшіп, суық жатақханаларда түнеген күндері туралы айтты
Аулада қызын ойнатып жүрген Сәкен Майғазиев жұртты сүйсіндірді (видео)