Аулада қызын ойнатып жүрген Сәкен Майғазиев жұртты сүйсіндірді (видео)

Жұма, 22 Шілде , 2016 12:57

Сәкен Майғазиев Алматыда болған қанды оқиғадан кейін қала өмірі тұрақталып келе жатқанын айтты. Мұнымен қатар, ол осы сөздерінің дәлелі ретінде ауласында баласын еркін ойнатып жүргені таспаланған видеосын бөлісті.

13714084_220661208328243_1923957809_n

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Шілденің 18-і күні болған қанды оқиға барша қазақстандықты дүрліктірді. Әсіресе, Алматы қаласында тұратын жұлдыздар шығармашылық жұмыстарын тоқтатып, үйлерінде қамалып отыруға мәжбүр болды. Олардың арасында Сәкен Майғазиев те бар.

Десе де, әнші дәл қазір қаладағы жағдайдың тұрақталып, қаладағы өмірдің әдетінше қайнасып жатқанын айтады. “Ауламызда абыр-сабыр болып жатыр. Алла тағала бейбіт күнімізден айырмасын”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Әнші тұсына осы сөздерді жазып, инстаграм парақшасына жаңа видео жүктеген. Аталған видеода ол қызын ойнатып жүреді. Мұны көрген желі қолданушылары оның әкелік мейірімі мен бала тәрбиесіне атсалысуына тамсанғандарын жазды.

“Мен де қызымның есімін Раяна қойдым. Балапандарымыздың өмірі тәтті болсын”, “Сәкен аға, жолыңыз ашық болсын! Жарайсыз!”, “Жаным, сондай сүйкімдісің”, “Сәкен аға, сіз керемет әкесіз. Жұмысыңыз көп болса да, бала-шағаңызға уақыт бөліп тұрасыз. Жұмысы жоқ, не үйде тірлік істемейтін, бала-шағасына 5 минут уақытын бөле алмайтын әкелер жүр алдымызда” дейді желі қолданушылары.

Мұнымен қатар, “Түсінікті, бала-шағаны емес, тұратын жерін түсіріп жүр ғой”, “Шын жүректен қайырымдылық жасайсыз. Бірақ оны интернет арқылы бүкіл халыққа көрсетудің қандай пайдасы бар?”, “Бұл әрекетіңізді мақтаншақтық деп білемін” деп сынағандар да болды.


Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев ұлы мен өзінің студент шағындағы суретін көрсетті (фото)

Сәкен Майғазиев волейбол ойнаудан мастер класс көрсетті (видео)

Сәкен Майғазиев: Ешкім жетісіп жүрген жоқ

Сәкен Майғазиев өзіне қауіпті вирус жұқтырып алды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар