Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев волейбол ойнаудан мастер класс көрсетті (видео)

Әнші Сәкен Майғазиев достарымен волейбол ойнап, үздік ойыншы ретінде көзге түсті. Көпшілік оның бұл спорттан мастер класс көрсеткенін айтып жатыр.

image

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Көпшілік Сәкен Майғазиевтің түрлі қайырымдылық шараларына атсалысып жүретінін жақсы біледі. Күні кеше көпбалалы отбасыға бір айлық азық- түлігін табыстаған болатын. Мұнымен қатар, отанасы кемтар ұлының арбасына деп сұраған ақшасын да қолма-қол табыстаған-ды. Бұл жолы әнші волейбол ойнаудан мастер класс көрсетті.

Ойын арасында бес минут демалып, өзін шабыттандыра түсетін жақсы сөздер айтып алады екен.

Әнші өзінің инстаграмдағы парақшасына волейболды қалай ойнайтыны таспаланған видеоны жүктеген. Аталған видеоны көрген желі қолданушылары әншінің күш-қайратына тәнті болып жатыр. Арасында бойшаң болмаса да, өзгелерден тым жақсы ойнайтын тілге тиек еткендер көп.

😊🇰🇿🎤🌎🏐🏇☀️

Видео опубликовано Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

“Сәкен аға, жарайсыз”, “Аутқа жақсы соғады екенсіз”, “Аға, жарайсыз! Сіздің бойыңызда барлық ер адамға тән қасиеттің барлығы бар”, “Сегіз қырлы, бір сырлы азамат деп сізді айтады” сынды пікірлер білдірген. Мұнымен қатар, арасында әншінің бұл әрекетін мақтаншақтыққа балағандар да табылды.


Жіберіп алмаңыздар:

Сәкен Майғазиев отбасындағы қуанышын бөлісті (фото)

Сәкен Майғазиев өзіне қауіпті вирус жұқтырып алды (фото)

Сәкен Майғазиев тыңдармандарының үйінде қонақта болды

Сәкен Майғазиев: Алған несиемді жаба алмай жүрмін

Талқылау