Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағынтаев үкімет басшысынан Көкжайлауды Іле Алатау ұлттық саябағына қайтаруды сұрады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі Асқар Маминнен Көкжайлау шатқалын Алматы иелігінен Іле Алатау ұллтық саябағына қайтаруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көкжайлау

"Экологтармен жиі кездесемін. Көкжайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін премьер-министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым", - деп жазыпты Сағынтаев Twitter парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Алматыға жасаған іссапар барысында Көкжайлауда шипажай салу туралы жобадан бас тартуға шақырған еді. 

Талқылау