Сағынтаев Алматының атауын өзгерту керек деген ұсыныс жайлы өз пікірін білдірді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың атын өзгерту туралы мәлімет жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала басшысы өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.
"Бүгін Алматы қаласының атауын өзгерту туралы ақпарат пайда болды. Мен бұл мәселені қарастырмағанымды айтқым келеді және әкімдіктің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ. Қазіргі уақытта біз қала үшін Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың алға қойған кешенді міндеттерін шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз. Жақында қабылданған «Алматы 2050» Стратегиясын, қысқа және орта мерзімді жоспарларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізудеміз", - деп жазыпты Сағынтаев.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Алматының атауын қайта "Алма-Ата" деп өзгерту туралы ақпарат таралған еді. Бұған түрткі мемлекет басшысының пікірі түрткі болды.
Бұған дейін саясаткер Ермұхамбет Ертісбаев "Алма-Ата" атауын қайтаратын кез келді деген ұсыныс айтқан еді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
