Сағынтаев алматылықтардың көлік кептелісіне қатысты шағымдарына жауап берді
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кептеліске шағымданған қала тұрғындарының наразылығына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ОКҚ брифингінде журналистер Сағынтаевтан Алматы көшелеріндегі кептелістерді жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұрады.
Бақытжан Сағынтаев қазіргі уақытта қалада 600 мыңға жуық автокөлік тіркелгенін айтты. Сондай-ақ Алматыға қосымша 250 мыңға жуық көлік кіреді.
"Олар Қаскелең, Талғар және Шелек бағыттарынан келеді. Сондықтан қазір бірнеше жобаны жүзеге асыру белсенді жүріп жатыр. Бұл:
- облыстың елді мекендерін өзара байланыстыра отырып, барлық ағындарды толығымен босататын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) құрылысы;
- Алматы - Қаскелең және Алматы - Талғар бағытында автомобиль ағынын азайтуға және адамдарды неғұрлым жылдам әрі экологиялық көлікке ауыстыруға мүмкіндік беретін электр поездарын салу жөніндегі жобаны әзірлеу;
- қаланың орталық бөлігін жүк ағынынан босата отырып, қала орталығынан айналма жолдарға жүк және басқа да экологиялық таза емес көлікті шығару бойынша жұмыс;
- адамдар көре алатындай етіп бөлінген жолақтардың көбеюі: жеке көлікпен жүріп, кептелісте ұзақ тұрғаннан гөрі қоғамдық көлікті пайдаланғаныңыз және баратын жеріңізге тезірек жеткеніңіз жөн", - деді Сағынтаев.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ