Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағадиев лимузин жалдап бітіру кешін өткізетіндер туралы әңгімеледі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп бітіру кештерінде лимузинмен қыдырып, банкет өткізу дәстүрі туралы түсіндірді.

Сағадиев лимузин жалдап бітіру кешін өткізетіндер туралы әңгімеледі

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Мен түлектердің лимузинмен серуендеп, бітіру кешіне үлкен қаражат жинап, оны шоуға айналдыруға қарсымын. Мен оған моральдық тұрғыдан қарсы болып отырмын. Екінші жағынан, балалардың таңды қарсы алуына және бітіру кешін әдеттегідей өткізулеріне тыйым салуды құптамаймын. Бұл 11 жылда бір рет болатын қуаныш. Менің ойымша, бұған тыйым салуға болмайды», – деді Сағадиев.

Өткен жылдың маусым айында Парламент Сенатының депутаттары үкіметтен мектеп бітірушілерден ақша жинауға тыйым салуды сұраған болатын.

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2017-2018 оқу жылының түлектеріне сертификат тапсыру салтанатты шарасының бірыңғай күні ретінде 15 маусымды белгіледі.

Тағы оқыңыз: 

Астана тұрғындары жолдан жалауша ұстап өтуге міндеттелуі мүмкін

Қауіпті селфи: Қостанайлық жасөспірімдер тоғыз қабатты ғимараттың төбесіне шығып суретке түскен (видео)

Гүл және алмаз қыры секілді: Елбасы Астанадағы жаңа мешітке барып қайтты

Енді Қазақстаннан ақша алып шығу қиын болмақ

Талқылау