Сағадиев Қазақстан мектептерінің латын әліпбиіне қалай ауысатыны жайлы айтты
Мұғалімдермен бірге әліпбиінің жаңа нұсқасын қолдануға арналған әдістемелік құралдарды жасау үшін үлкен жұмыстар атқарылады. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім беру саласының жаңа латын әліпбиіне қалай ауысатындығын айтты.
«Алдымен мұғалімдермен отырып жоспар құру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Енді әліппенің жаңа нұсқасын жасап, тексеруден өткіземіз. Мұғалімдермен, мектеп директорларымен, сарапшылармен әліппені қалай құрастыру туралы талқылап, мұқият тексеру керек. Мемлекет басшысы айтқандай, бәрін мұқият ойластырып, барлық педагогикалық қоғамдастықпен бірлесіп, маңызды жұмысты орындауымыз қажет», – деді Сағадиев.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz хабарлайды.
Сонымен қатар, министр жаңа әліппені балаларға да мұғалімдерге де тиімді етіп құрастырамыз деді.
«Оны құрастыру әдістемелік құралдар мен көп уақытты қажет етеді. Қателіктерге ұрынбас үшін асықпай, ойланып әрекет ету керек»,- деп қорытындылады министр.
Айта кетейік, бұдан бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиін латын жазуына ауыстыру туралы жарлыққа өзгерістер енгізді. Жаңа нұсқада қазақ тілінің төл әріптеріне қатысты өзгертулер мен толықтырулар жасалған.
Жіберіп алмаңыз:
Министр: Апострофпен компьютерде жұмыс істеу қиын
Тarıhı oqıǵa: Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаңа әліпбимен құттықтады
Қырғыз парламенті Қазақстанда ұсталған депутаттың ісіне араласпайтынын мәлімдеді
Қырғызстан Қазақстанда ұсталған қырғызстандық депутатқа байланысты мәлімдеме жасады