Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тarıhı oqıǵa: Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаңа әліпбимен құттықтады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Твиттер парақшасында қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы туралы пікір білдірді. Ол барша Қазақстандықтарды осынау тарихи маңызға ие оқиғамен құттықтады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 2018 жылғы 19 ақпанда Елбасы қазақ тілінің жаңа әліпбиі туралы Жарлығына қол қойды. Бұл тарихи маңызға ие оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, көп оқырмандар осы бекітілген қазақ әліпбиі туралы жағымды пікір қалдырып, Елбасының Жарлығын қолдап отыр.

Еске сала кетейік, Елбасы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізді.

Жіберіп алмаңыз:

Bek Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы шұғыл түрде Таразға қонды

Ақтөбеде 52 жолаушы қаза тапқан автобустың техникалық ақаулары болған

Таразда лауазымды полицейлер парамен ұсталды

Шымкентте күтушісі жалғызбасты зейнеткердің пәтерін тартып алды

Талқылау