Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте күтушісі жалғызбасты зейнеткердің пәтерін тартып алды

Шымкентте жалғызбасты қарт әйел далада қалуы мүмкін. 80 жастағы Энна Иванова жеке пәтерін өзін күтіп қараған әйелге сыйлаған екен. Алайда, зейнеткер пәтерді сыйға беретіні туралы құжатқа қалай қол қойғанын білмеймін деп отыр.

Энна Иванова өзінің пәтерінде 40 жылдай уақыт тұрып келеді. Үйінен айырылатын болса, қарт әйелдің басқа баратын жері жоқ. Бір қызығы зейнеткер пәтерін сыйға тартқаны жайлы жақында ғана білген. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

«Ол маған көмектесіп жүріп, ақыры пәтерімді иемденіп алды. ХҚКО барсам, бұл пәтер енді менің меншігімде болмай шықты»,-деді зейнеткер. Энна Иванованың көршілері оған полицияға арыздануға көмектесті. Олар да қарт әйелдің өзіне тиесі жалғыз мүлкін біреуге сыйлағанына сенбей отыр.

Айта кетейік, Энна Иванова осындай оқиғаға алғаш рет ұрынып тұрған жоқ. Осыдан үш жыл бұрын зейнеткердің көршісі жалғыз басты әйелдің пәтерін тартып алғысы келген. Сол кезде зейнеткерге Света атты келіншек көмектесіп, сотқа шағымданған.

«Света атты әйел зейнеткерге сотта жеңуге көмектесті. Кейін қарт әйелдің сеніміне кіріп, үйдің құжаттарына қол қойдырып алған. Энна Иванованың есте сақтау қабілеті нашарлаған, сол себепті құжаттардан қай кезде айырылып қалғанын білмейді»,- дейді заңгер Семен Ким.

«Біріншіден, мен ол кісіні ешқайда қуып шыққан жоқпын. Керісінше көршіміз Энна Иванованы пайдаланып, менің пәтерімді тартып алуды көздеп жүр. Зейнеткерді өзім күтіп қарап жүрмін. Оны ешкім ренжітпейді»,-дейді Светлана.

Қазір бұл іспен сот айналысып жатыр. Зейнеткердің қорғаушысы сот осы келісімді жоққа шығарады деп үміттенеді. Ол үшін Энна Ивановаға психоневрологиялық тексеруден өтуге тура келеді.

Жіберіп алмаңыз:

Сене алар емеспін: Ресейлік әйел Оралдағы көпбалалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады

Сол қолымды сезбеймін: Атыраулық Әнел отадан кейінгі жағдайы туралы айтты (фото)

Елбасы латын әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті

Қазақ дәстүрі бойынша әйелдердің сәлемдесу тәртібі

Талқылау