Сол қолымды сезбеймін: Атыраулық Әнел отадан кейінгі жағдайы туралы айтты (фото)

Ернар Айдардың «Күнім сен сөнбеші» әнінің бейнебаянына түскен атыраулық Әнелге тағы бір ота жасалды. Қыз отадан кейінгі жағдайы туралы өзінің инстаграм парақшасында бөлісті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Ұялы телефон қолдана алмаймын, маған сіздердің жазған хаттарыңыз бен ықыластарыңызды жеткізіп жатыр. Сіздерге алғысым шексіз. Аллаға шүкір ота сәтті отті. Қазір жеке палатаға ауыстырды. Дәрігерлер де жақсы күтіп жатыр. Бірақ, ота кезінде жүйке жүйесіне зақым келгендіктен, сол қолымды сезбеймін. Маған көмектесу үшін, анам, әпкем және Марлен күні-түні жанымнан шықпай жүр»,-дейді Атыраулық Әнел.

Сондай-ақ, туыстары да, сүйіктісі де қыздың көңілін аулау үшін, барын салып жатыр. Тіпті, Марлен сүйіктісіне тірі көбелек сыйлап, ғашығын қуантыпты.

«Жаным білемін, саған да оңай тиіп жүрген жоқ. Бәрі үшін сағат рахмет. Еш алаңдама, Аллаға шүкір біз бұл қиындықты жеңеміз. Бізге қаншама адам үміт артып, тілеуімізді тілеп отыр. Алла қандай сынақ жіберсе де, біз оған төтеп беруіміз керек»,-дейді Әнел.

Әнел қолым істеп кетсе екен деп, Алладан шипа сұрайды. Қыз өзіне дұға тілеп жүрген жандарға алғысын білдіреді.  Айта кетейік, әнші Ернар Айдардың бейнебаянына түскен ғашықтарды ауыр сынақ күтіп тұрғаны туралы бұған дейін белгілі болды.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы латын әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті

Қазақ дәстүрі бойынша әйелдердің сәлемдесу тәртібі

Ақтөбеде жат ағымда жүргендер бизнеске тартылып жатыр

Алматыда тексерушілер ойын автоматтарын кесіп тастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар