Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жат ағымда жүргендер бизнеске тартылып жатыр

Ақтөбеде деструктивті діни ағым өкілдері бизнеске тартылып жатыр. Өңірде бұған дейін әсіредіншіл деп танылған 350-ден астам адам кәсіпкер ретінде тіркелді.

Облыстық Дін істері басқармасы басшысының айтуынша, шағын цех ашуға, жолаушы тасымалымен айналысуға ден қойғандар көп, деп хабарлайды Астана арнасы.

Билік осылайша адасқандарға психологоиялық кеңес беріп қана қоймай, жұмыс табуына да көмектесіп жатыр. Жүзге жуық қыз-келіншек сұлулық салоны шебері мен тігіншілік ісіне машықтанып жүр. Арнайы курсты тәмамдаған соң жеке кәсіп ашады немесе жұмысқа орналасады. Облыста бір жыл бұрын дәстүрлі емес діни ағымда жүрген 2 мыңдай адам болған.

Түсіндіру шараларының нәтижесінде олардың 400-і түзу жолға түскен.  Жолдас Қалмағамбетов, облыстық дін істері басқармасының басшысы: 327 әйел адам бала күтімімен демалыста отыр екен. Осы әйелдерге бос уақытын тиімді пайдалану үшін фитнес орталықтарына, кондитерлік цехтарда жұмыс жасауға, іс-тәжірибеден өтіп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасын таба беретін болады.

Тағы да оқыңыз:

Қырғыз парламенті Қазақстанда ұсталған депутаттың ісіне араласпайтынын мәлімдеді

Жас жұбайларша тортты бір-біріне жегізіп, артынша сүйіскен қазақ ата мен әжей елді таңғалдырды (видео)

Абай Бегейдің әзілі жұртты күлдірді (видео)

Талқылау