Садриддин Ахмедов Америкадағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 12 KO) Америкада өткізген кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Санта-Инезде (АҚШ) өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде отандасымыз америкалық боксшы Рафаэль Игбоквемен (17-6, 7 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланды. Алайда Садриддин 7-раундта қарсыласын нокаутпен жеңді.
Осылайша, Ахмедов кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісін тойлады. Ал Игбокве алтыншы рет жеңілді.
Бір қызығы, аталған турнирді Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер ұйымдастырса, қазақстандық боксшыны жекпе-жекке Генадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес дайындады.
Ұзақ үзілістен кейін боксқа қайта оралған Садриддин Америкада екінші жекпе-жегін өткізіп отыр. Бұған дейін қазақ боксшысы Канадада жаттығып, сол елде өнер көрсетіп жүрді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ