Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабыржан Аққалықов пен Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

Сабыржан Аққалықов Оразбек АсылқұловФото:Stan.kz collage

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында Азия чемпионатында ел қоржынына қос алтын жүлде түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

60 келіде Қазақстан намысын қорғаған Оразбек Асылқұлов ақтық сында үндістандық Сачин Сачинмен Азияның алтынын сарапқа салды.

Шешуші сында отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, алтынды қанжығасына байлады.

Ал 75 келіде Сабыржан Аққалықов финалда өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде ол 5:0 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанды.

Айта кетейік, Азия чемпионатында бұған дейін ел қоржынына 55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан мен Ертуған Зейнуллинов қола жүлдені салған. Ал Төрехан Сабырхан шешуші бәсекеде сүрініп, күміс жүлде еншіледі.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 10 Сәуір, 2026 12:19