Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағайынды Оралбайлар Азия чемпионатынан алтын алды

Айбек пен Нұрбек Оралбайлар

Фото:Stan.kz collage

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Айбек және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын жүлде салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

85 келіде Нұрбек Оралбай өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен Азия чемпионатының алтынына таласты. Жекпе-жек нәтижесі бойынша ол 5:0 есебімен өзбек боксшысын айқын басымдықпен жеңді. Осылайша Нұрбек Оралбай алғаш рет Азия чемпионы атанды. Айта кетейік, Нұрбек Оралбай 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Сабыржан Аққалықов пен Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

Сабыржан Аққалықов пен Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

Оқыңыз

Ал оның сыңары Айбек Оралбай аса ауыр салмақта шешуші бәсекеде қытайдағы қазақ боксшысы Данабек Байкенжемен қолғап түйістірді.

Нәтижесінде төрешілердің шешімімен ұлттық құрама капитаны ел қоржынына алтыншы алтын жүлдені салды.

Айбек Оралбай Азия чемпионатында үшінші рет топ жарып отыр. Ол бұған дейін 2022 және 2024 жылдары да чемпион атанған.

Сондай-ақ Айбек — Қазақстан тарихында аса ауыр салмақтағы тұңғыш әлем чемпионы.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 10 Сәуір, 2026 13:03