Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбит Арынов "ҚазТрансОйл" директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Сәбит Арынов "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының міндетін уақытша атқарушы, басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланды.

"ҚазТрансОйл" АҚ  KASE-ге "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының міндеттері уақытша "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының орынбасары, басқарма мүшесі Арынов Сәбит Әбілдаұлына жүктелсін деген хабарлама жолдады", делінген ақпаратта. 

Сонымен қатар, компанияның директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Бұрынғы бас директор Димаш Досанов өз қалауымен директорлар құрамынан шығарылды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚазТрансОйл" АҚ директорлар кеңесінің құрамына бес адам енді: Берлібаев Д.А., Оразбеков М.А., Фрейсин Адриан, Агостини Алвес Винисиус, Мартинес Лопес Альберто.

Сәбит Арынов 2018 жылдан бері компания бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

Талқылау