Сәбит Әбдіхалықов: Мен Алтынайды емес, Алтынай мені тастап кетті
Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет Алтынай Жорабаевамен ажырасқанын мойындап, отбасылық өміріне қатысты шындықты ашып айтты.
Бұл туралы актер Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Әбдіхалықов пен Жорабаева бақандай 16 жыл отасқан. Екеуінің үріп ауызға салғандай төрт сұлу қызы бар. Өкінішке қарай, айрандай ұйып отырған отбасы ойран болды. Бұған көпшілік Әбдіхалықовты кінәлайды. Тіпті, оны жас қызбен көңіл қосқан деп айыптаушылар көп.
Бір жылдан аса уақыттан бері ел аузында жүрсе де, не Әбдіхалықов не Жорабаева айырылысып кеткендеріне қатысты ауыз ашпады. Қос өнер иесі де жеке өмірлеріне қатысты сұрақ қойғандардың бәрінен теріс айналды.
Алайда бұл жолы ашуға мінген Әбдіхалықов шыдамастан, бар шындықты жайып салды.
“Неге маза бермейсіздер, мен қыздарымды да ешкімді де тастаған жоқпын. Алтынай мені тастап кетті. Басқа сұрақ қоймаңыз.», – деді актер.
Сәбит Әбдіхалықов жеке өмірі туралы басқа сұрақтарға жауап бергісі келмейтінін айтып, өзін артық мазаламауды да сұрады.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін сізде Stan.kz редакциясының хат түріндегі рұқсаты болуы шарт! Ал эксклюзивті материалдарды жарияланған уақыттан 24 сағат өткен кезде ғана алуға болады!
Жіберіп алмаңыз:
Қанат Айтбаев концертке Лара Фабианның не себепті келмегенін түсіндірді
Дастан Оразбеков қандай жағдайда келіншегімен айырылысуға дейін баратынын айтты
Әлем таныған Димаштың концертін сынап тастаған желі оқырманы елді шулатты
Димаш сахнада ұшып жүріп ән айтты (видео)
Қазақтың гаухар тасы: Димаш тыңдармандарын тәнті етті (видео)