Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Айтбаев концертке Лара Фабианның не себепті келмегенін түсіндірді

Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев «Бастау» концертіне Лара Фабианның не себепті келмей қалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

лара неге келмеді бастауга

Қанат Құдайбергенұлының сөзіне қарағанда, Лара Фабиан мен ағайынды Меладзелер концертке қатысудан бас тартпаған.

«Бұл ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің тарапынан түскен ұсыныс болатын. Алайда режиссерлермен және шығармашылық тобымызбен ақылдаса келе, біз басқа әншілерге тоқталдық. Ал Лара Фабианға келсек, болашақта дуэт болады деп ойлаймын. Бұл өте тамаша шығармашылық ұсыныс, екеуіне ортақ дүниелер бар. Алайда мұндай нәрсе асығыстықпен жасалмайды, оны болашақтың еншісіне қалдырып отырмыз», – деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, күні кеше «Астана-Аренада» әлем таныған Димаштың алғашқы жеке ән кеші өтті. Онда Димаш танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызымен, Қытай әншісі Терри Линмен, Евровидение-2012 байқауының жеңімпазы Лоринмен, британдық әнші Софи Элис Бекстормен және ресейлік Кристина Орбакайтемен ән салды.

Жіберіп алмаңыз: 

Әлем таныған Димаштың концертін сынап тастаған желі оқырманы елді шулатты

Қазақтың гаухар тасы: Димаш тыңдармандарын тәнті етті (видео)

Димаш сахнада ұшып жүріп ән айтты (видео)

Америкалық және француздық композиторлар Димашқа ән жазып жатыр

Димаш Астанада болып жатқан жанды дауыстағы концертінде жиналғандарға жан сырын ашты

Талқылау