Америкалық және француздық композиторлар Димашқа ән жазып жатыр

Сәрсенбі, 28 Маусым , 2017 7:25

Америкалық, француздық және ресейлік композиторлар Димашқа жаңа әндер ұсынған, қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр.

poyavilos-video-vystupleniya-dimasha-kudajbergenova-na-8-etape-konkursa-33329-1

Бұл туралы Димаштың әкесі Қанат Айтбаев әншінің концерті аясында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Американың бір-екі, Францияның екі-үш сазгерімен, Ресейдің бір-екі сазгерімен келіссөздер жүргізілуде. Бізге бірнеше ән ұсынып та қойды. Бұл болашақтың еншісінде, бүгінгі концертке бұл әндерді даярлап үлгере алмадық”, — деді Қанат Айтбаев.  Оның айтуынша, қазір ТМД және Еуропаның бірқатар елінен әріптестік жөнінде ұсыныстар келіп түсіп жатыр.

“Қазақтың баласы, қазақтың жерінде тұрады. Өзін тыңдайтын, құрметтеп, қадірлейтін бүкіл елде ән салуға даяр. Өзіміздің достастық елдерінен хабарласып, түрлі ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар Қытай, Еуропа, Америка елдерінен әріптестік орнатуға ұсыныстар келіп түсіп жатыр”, — деді ол.  Қанат Айтбаев Димаштың тек шетелдік қана емес, қазақстандық композиторлармен де жұмыс істейтінін айтты.   Ол Димаштың бүгінгі жеке концертіне де тоқталып өтті.

Кеште қазақ, ағылшын, француз, қытай тілінде әндер орындалады. Әлемдік хиттар және қазақстандық композиторлардың туындылары шырқалады. Димаш шведтік, британдық, қытайлық және ресейлік әншілермен қосылып ән айтады. Жаңа шығармалар да болады.  Жалпы, концертке дайындық екі жарым ай жүрген. Оған қазақстандық мамандармен қатар, шетелдік режиссерлер де тартылған.  Димаштың концертіне Қытай, Франция, Германия, ТМД елдерінен фанаттар арнайы келді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар