Қазақтың гаухар тасы: Димаш тыңдармандарын тәнті етті (видео)

Сәрсенбі, 28 Маусым , 2017 8:37

Бұл күнді Димаш ұзақ күтті, жылдар бойы армандады. Мінеки, әлем таныған Димаш небәрі 23 жасында бүтін аренаны жинап, алғашқы жеке ән кешін берді. Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті табысты өтті.

poyavilos-video-vystupleniya-dimasha-kudajbergenova-na-8-etape-konkursa-33329-1

Димаш тыңдармандарын жанды даусымен таңғалдырып қана қоймай, ерекше шоу жасады. Мұндай деңгейдегі концерт Қазақстанда бұрын-соңды болған емес. Концертті ойдағыдай өткізу үшін ол күн-түн демей жұмыс істеді. Тәулігіне 3-4 сағаттан ұйықтап, көп еңбектенді.

Ал “Астана-Арена” алаңына жиналған 30 мың халықтың 40%-ы шетелдіктер болды. Сахнадағы түрлі эффектілерді көрген олар таң-тамаша болды.

димаш бастау дедім

Димаш өзінің репертуарындағы патриоттық әндерін орындады. Туған елге арналған әнін айтқан кезде экраннан қазақ елінің символына айналған бүркіттің бейнесі көрінді.

lbvfi ,fcnfe rshfy

Ал Димаштың сахналық образы бұл көріністі тіптен ажарландыра түсті.

димаши бастау 2806

Одан өзге, Димаш Singer жобасы барысында орындаған шетелдік әндерін көрерменге паш етті. Сол сияқты Қытайда жоба барысында киген сахналық костюмдерін өз елінің сахнасында киді.

димаш кудайберген 280617 -5

Концертті өз көзімен көрмесе де, желідегілер елімізде бұрын-соңды болмаған шоудан алған әсерлерімен бөлісуде.

кудайбергеннін димашы бастау

“Димаш – ол күш, ол ғарыш, қазақтың гауһар тасы. Оның даусы жүрегімді елжіретіп жіберді. Жан тебіреніп, өзіме күш-қуат алдым”, – деп жазады тыңдарманының бірі желіде.

Тағы да оқыңыз:

Димаш сахнада ұшып жүріп ән айтты (видео)

Димаш Астанада болып жатқан жанды дауыстағы концертінде жиналғандарға жан сырын ашты

Димашқа концерті кезінде тарай бастаған тыңдармандарын тыныштандыруға тура келді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Сын аитып отырган кызга аитарым бир сенин пикирин бизди аландатпаиды шукур елдин тукпир тукпиринен издеп келип жаткан тындармандары жеткиликти.пеиилин тар екен.аллага шукур устаздары бар али талаи шындарга жетеди бар жогы 23жаста гана.алла сен сияктылардан сактасын демекпин

  • Anonymous says:

    Өте талантты кең диапазонды алтын дауыс иесі жас дарынымыз Димашты өте сəтті өткен тұңғыш жеке концертімен шын жүректен құттықтай отыра зор денсаулық, талмас қанат, шексіз шыдамдылық пен еңбекқорлық тілеймін. Бүкіл дүниежүзі сүйіп тыңдайтын миллиардтардың ең жақсы көретін жарық жұлдызына айналсын деген игі тілегімді білдіргім келеді! Шын мəнінде Димаштың алғашқы концерті Əлемнің ең керемет сахналарын бағындыру жолындағы тек БАСТАУЫ болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар