Сәбит Әбдіхалықов: Қазақтың Асанәлісі қандай құрметке болса да лайық
Сәбит Әбдіхалықов Асанәлі Әшімовті 85 жылдық мерейтойымен құттықтап, ақ тілегін арнады. Продюсер халық әртісін халық руханиятының абызы деп атады.
Асанәлі Әшімовтің 85 жылдық мерейтойы қара шаңырақ Мұхтар Әуезов атындағы ұлттық театрда тойланды. Сәбит Әбдіхалықов халық әртісін мерейтоймен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
“Театр және кино әлемінің ақсақалы, жалпы қазақ руханиятының абызы Асанәлі Әшімовтың 85 жылдық мерейтойы Мұхтар Әуезов атындағы ұлттық театрда аталып өтті. Интерактивті спектакльмен өрілген өрелі кештің куәсі болдық. Қазақтың Асанәлісі қандай құрметке болса да лайық. Қадірлі Асаға, ел ішінде еркелеп, кейінгі буынға бағыт-бағдар сілтеп, ортамызда аман- есен жүре беріңіз. Басыңыз аман, төңірегіңіз түгел болсын”, – деп жазды Әбдіхалықов желіде.
Желідегі оқырмандар да ақ тілегін арнап жатыр.
- Еркебұлан Дайыров: Әйелім көп қараның ішінен таңдап алған аруым, ессіз сүйіп қосылдым
- "Мерей қасында, ешқайда кетпеді": Журналист Мақпал Жүнісоваға қолдау білдірді
“Асыл аға, аман болыңыз. Құдай қуат берсін. Балаңыздын рахатын көріңіз. Халқыңыз сізді жақсы көреді. Қазақтың Бекежаны. Жүз жасаңыз”, “Халықтың алғысын алып, жүрегін жаулап алған Асанәлі ағамызға қандай құрмет көрсетсе де лайықты жан. Ұлтымыздың мақтанышы абыз ағамызға мықты денсаулық, күш-қуат берсін”, “Мерейтойыңыз тойға ұласа берсін”, “Халықтың адамысыз, ауырмаңыз”, – деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін желіде мемлекеттік нөмірсіз көлікпен жүрген Асанәлі Әшімов талқыға түскен еді. Көпшілік заң бәріне бірдей деп айыптаса, енді бірі қолдап шықты.
Актердің өзі көлік нөмірінің арнайы деректі фильм үшін жасалғанын айтты.
Бұған дейін Бибігүл Дәулетбекқызы аңыз адамды қараламай, қолдау білдірген жөн деген еді. Журналист халық әртісінің барлық құрметке лайықты екенін айтты.
Айта кетейік, біраз күн бұрын Асанәлі Әшімовтің көлігінің нөмірсіз жүргені талқыға түскен еді. Полиция бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
