"Емханаға жолаудан қорқамыз": Сәбиін жетектеген аналар екпе салдыра алмай дал болған
Алматылық ата-аналардың кейбірі "Балаларымызға екпе салдырудан қашпаймыз, бірақ емханаға жолағаннан қорқамыз. Өйткені, қатерлі індетті жұқтырып алудың қаупі жоғары" екендігін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Күз келе түрлі инфекциялық аурулардың өршитіндігі алматылық ата-аналарды биыл әбден алаңдатты. Кейбірі баласының туғаннан бері бірде-бір екпе алмағанына уайымдаса, тағы бірі емханаға баламызды жетектеп апаруға жүрексінеміз дейді.
"Мына коронавирус болғасын қорқамын", "Ақпанда босандым. Маған ешкім хабарласып, келіңіздер деп айтпады. жақында ауруханаға бардым, сөйтсем неге өздеріңіз келмедіңіздер дейді", "Ешқайсысы жауапкершілік алмайды. Сол себепті біз қорқамыз", - дейді ата-аналар.
Карантин кезінде балаларға рет-ретімен салынбай қалған екпелердің енді жаңа кестесі құрылатындығын айтады дәрігерлер. Олар короновирус ошағының бар-жоғына толыққанды көз жеткізгеннен кейін ғана, кезек бойынша балаларды екпеге шақырауды бастаймыз деп отыр. Бұл туралы 4 қалалық аурухананың меңгерушісі Дүйсенгүл Жұмаділлаева айтып берді.
"Қазан айынан бастап, тұмауға қарсы екпелерді жоспарлаймыз. Сонымен қатар, тәуекел топтарын жоспарлаймыз. Бір жасқа дейінгі балаларды, арнайы тізімге қосылған балаларды және мүгедек балаларды, жабық мекемелер, мектеп интернаттары және балалар үйі кіреді. Оған қоса, жиі ауыратын балаларды жоспарлап, келісімін берген ата-аналардың балалары да екпеге шақырылады. Медбикелер екпеге шақырылғанда эпид ошақтарының бар жоғын анықтап, сақтық шараларын мұқият орындауын тексеріп, қадағалайды", - дейді маман.
Ал денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларға балаларға арналған төсектердің әкелініп жатқанына қазірден бастап алаңдауға негіз жоқ дейді. Айтуларынша, карантин талаптарының жеңілдеуіне байланысты кейбір медициналық мекемелер ағымдағы жөндеу мен санитарлық шараларды іске асырып, жаңа балалар жиһаздарын алып жатқанын жеткізді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
