Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сабақ беретінмін": Имам Нұрлан Байжігітұлы әйелімен қалай танысқанын айтып берді

Танымал имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлы “Алғашқы” бағдарламасында келіншегімен қалай танысқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Ол кісімен Жамбыл ауданында болған кезде таныстым, өзім сабақ бергенмін. Тағдыр шығар, қосылдық. Анасы марқұм жақсы кісі еді, әкесі де. Бұйрық екен, үйлендік”, – дейді Нұрлан Байжі­гіт­ұлы.

Бағдарлама жүргізушісінің “Әдетте дін жолындағы жігіттер үш рет кездесіп үйленіп жатады. Сіз неше мәрте кездесіп үйлендіңіз?” деген сауалына дінтанушы: ”Күнде сабақ бердім. Күнде көріп, сөз байлап, нәсіп екен, үйлендік”, – деп жауап берді.

Айт кетейік, бұған дейін Нұрлан Байжі­гіт­ұлы қызмет бабымен Алматыдан Астанаға көшкені туралы жазған болатынбыз. 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 27 Маусым, 2023 13:48