Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рымбаева өзі жайлы қауесет таратқандармен қалай күресетінін айтты

«Роза Рымбаева көлік апатынан қайтыс болыпты». Осы бір жалған ақпарат уатсап арқылы көпшілікке лезде тарады. Оны естіген әншінің сахналық әріптестері жағаларын ұстап, ақпараттың өтірік екенін бірден растады. Ал, халық артисі болса, өзінің “қайтыс болғанын”досынан естіген,-деп жазды Жұлдыздар жарқырайды бағдарламасы.

роза

«Маған досым хабарлады. Осылай сен туралы информация болып жатыр деді. Мен айттым, сол жіберген адамдардан сұраңыздар. Неге өтірік айтады?»,-дейді  ҚР халық әртісі Роза Рымбаева

Алаяқтардың құрбаны болған әншінің бұл алғашқы оқиғасы емес. Арам жолмен қомақты қаржы тапқысы келетіндер осы уақытқа дейін Розадан еш рұқсатсыз суреттерін ғаламтордан алып, түрлі жарнамаларға емін-еркін пайдаланып келген.

«Кезінде 30 кг арықтаған болып шыққанмын көк шәй ішіп. Содан кейін бір кезде шыққанмын Рымбаева киген браслетті  кисеңдер, арақ- шараптан, алкоголизмнен жазыласыз деген. Оны Рымбаева жазады екен»,- дейді  ҚР халық әртісі Роза Рымбаева

Осылайша, халық артисін басынған бәзбіреулер оны оп-оңай жарнама құрбанына айналдырған. Ал, Розаның өзі болса, бұл әрекеттерге нүкте қоюды шешеді. Алайда, одан еш нәтиже шығара алмапты.

«Олармен соттасудың ешқандай нәтижесі жоқ. Алдында әлгі  83 кг-нан 30 кг арықтағанымызда іздестіріп көргенбіз. Болмайтын дүние»,- дейді  ҚР халық әртісі Роза Рымбаева

IT маманы Бақытжан Байжікеновтің айтуынша, ғаламторға түрлі жарнаманы жүктеу үшін “хакер” болудың қажеті жоқ. Тек компьютерге қолы үйренген кез-келген адам жалған ақпаратты сала алады дейді.

«Үш түрі арқылы жарнама жасауға болады. Фейсбук, инстаграм, гугл сайттарына салуға болады»,-дейді IT маманы Бақытжан Байжікенов

Және оларды жүктеген адамды да бірден анықтауға болатын бірнеше тәсілдерін көрсетті.

«Суретті көрсетіп, сол әлеуметтік желінің администраторларына запрос жібересің. Олар бірден кім екенін анықтап береді»,-дейді IT маманы Бақытжан Байжікенов

Ал Аша Матай  болса, өзін артық салмақтан арылтқан жалған жарнама берушілерді тапқан. Алайда, олар өздерінің бұған еш қатысы жоғын айтып, әншіні жолатпай қойыпты.

«Қазақстандық офистері бар екен, сол хатымның астында комментарий жазып қойыпты. Біз емес, біздің қатысымыз жоқ деп. Бірақ, енді кімнің қатысы бар екенін білмеймін»,-дейді әнші Аша Матай.

Аша Матай (1)

Әнші тұңғышын босанғаннан кейін біраз салмақ қосқанын мойындайды. Дегенмен, артық салмақпен күресуде ешқандай жарнамада көрсетілген дәріні ішпегенін, тіпті қолына да алып көрмегенін айтып ағынан жарылды.

«Оны ішпек түгелі көргенде жоқпын. Сенбеңіздер, қымбатты көрермендер, тыңдармандарым. Бұл жай өтірік әңгіме»,-дейді әнші Аша Матай.

20 келі салмақ тастаған Аша өте қарапайым жолдармен арықтаған.

«Көп су ішу, көп қимылдау. Көңіл- күйдің көтеріңкі болуы шығар.Сол»,-дейді әншінің өзі.

Ғаламтор арқылы дәрі-дәрімек сатушылар отандық әншілерді ғана емес, еліміздің білікті дәрігерлерін де арам пиғылдарына пайдаланып жүр. “Экомед” орталықтарының ғылыми директоры Салтанат Байқошқарова да өзінің суреті мен сұхбаты жарияланған жарнамаларды көргенде шалқасынан түсе жаздапты.

«Мен ешқандай сұхбат берген жоқпын. Сенбеңіздер!»,-дейді “Экомед” адам ұрпағын өрбіту емханасының  ғылыми директоры  Салтанат Байқошқарова

Талай отбасыға сәбилі болу бақытын сыйлаған дәрігер “Интоксик” дәрісінің жарнамасында паразитолог болып жүр. Прокуратураға шағымданған Салтанат бұған еш қатысы жоғын дәлелдеген.

« Прокуратураға жаздық. Олар бізге жауап беріп арнайы ақпарат министрлігіне хат жазып жіберді. Олар менің суретіммен тұрған ақпараттардың бәрін интернеттен ала бастады »,-дейді “Экомед” адам ұрпағын өрбіту емханасының  ғылыми директоры  Салтанат Байқошқарова

Жалған ақпарат таратушылардың құрығына іліге қоймаған Димаш Құдайбергенов дәл қазір аспан асты елінде атағы жер жарып тұр. Қытайда өтіп жатқан “Мен әншімін” байқауының алтыншы айналымында да бірінші орын иеленген әншінің фанаттары көпшілікті таңдалдырудан жалықпай келеді.

Сүйікті әншілеріне деген ыстық ықыластарын түрлі тәсілдер арқылы жеткізіп жатыр.

Бірі қытай көшелеріндегі көп қабатты үйлердің сыртына жарқыраған жарнама тақталарын іліп тастаса, екіншілері   ұялы телефонның экранына Димаштың  есімі жазылған суреттер жарияласа, енді біреулері әншінің есімін тауар белгісіне айналдырып, печенье, пакет сияқты тауарлар шығара бастаған. Ал, Қытайдың нарығы – миллиард екені айтпаса да белігілі.

Оқи отырыңыз:

Ернар Айдар: Киімді “барахолкадан” да ала беремін

Мәдина Сәдуақасова кезінде “әнші болмаймын” деп өнер академиясын тастап кеткен

Тамара Асар аяғының ауыр екенін айтып қалды

Төреғали “Біртүрлі қыз” әніне екі клип түсіріп ұрыс естіп қалды (видео)

Талқылау