Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова кезінде “әнші болмаймын” деп өнер академиясын тастап кеткен

Бүгінде қазақ эстрадасының жарық жұлдызына айналып үлгерген Мәдина Сәдуақасова бір кездері әншіліктен түбегейлі бас тартқан. Тіпті, грантта оқып жүрген жерінен өнер академиясынан өз еркімен шығып кеткен.

saduakasova-170217

Бұл туралы КТК арнасының “Басты рөлде” бағдарламасында айтылды.

Оның өзіндік себебі бар.

“Сүрінбедім деп айта алмаймын. Тіпті, бір кездері сахнадан кетемін бе деп мамандығымды ауыстырған кездер де болды. Бірақ оның барлығы іске асқан жоқ. Өзім келгім келмесе де басқа жағынан сахнаға қайта келдім. Негізі сол бұйырған ешқайда кетпейді дейді ғой. Маңдайыңа жазылса, одан ешқайда қашып құтыла алмайсың. Мен кетіп, психолог мамандығын сол кезде оқыған болатынмын. Музыка академиясында ешқандай ақысыз, грантта оқып жүріп, стипендия алып жүрген жерімнен оны тастап, психологияға кеттім.

1996 жылы «Музыкалық вояж» байқауында дипломат атанып, одан кейін «Жас Қанат» байқауында бас жүлде алып мен Астанаға президент оркестрінің солисті ретінде қабылданған болатынмын. Сол жерде жұмыс істеп жүрдім. Тәжірибесі бар әншімін, Алматыға келгім келіп, тағы да бағымды сынап көрейін дедім. Сонда барлығы бір сәтте өзгеріп кеткен болатын. Қазақстан эстрадасы сол сәттерде шоу-бизнеске айналып бара жатты. Ешқандай байқау жоқ, өзіңді басқаша дәлелдеу керексің, продюсерің болуы керек. Бейнеклип түсіруің керек және өнерге қосылуың үшін міндетте түрде аз емес, бірталай қаржың болуы керек. Соны көрген соң шошып кеткен болатынмын.

«Бітті, мен мұның барлығын қалай игеремін? Мен үшін өнер жолы жабылған сияқты» деп мен сол кездері музыка академиясына барып, арызымды жазып, кетіп қалған болатынмын”, – дейді Мәдина.

Алайда көп ұзамай Сәдуақасова сахнаға қайта оралады. Оған әнші әрі композитор Ермек Елгезеков септігін тигізген.

“Сол кездері Ермек Елгезеков Астанаға келіп маған «Махаббат жалыны» әнін сыйға тартты. Ол ән халық арасында кең таралып кетті. Сөйтіп Мәдина Сәдуақасова психологияны бітіріп, қайтадан музыкаға оралды”,- деп түсіндірді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Тамара Асар аяғының ауыр екенін айтып қалды

Төреғали “Біртүрлі қыз” әніне екі клип түсіріп ұрыс естіп қалды (видео)

Қытай қызы: Димашпен тек Майкл Джексон теңесе алар еді (фото)

Қытай қыздары Димашқа “күн көрсетпей” жүр (фото, видео)

Талқылау