Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали “Біртүрлі қыз” әніне екі клип түсіріп ұрыс естіп қалды (видео)

“Біртүрлі қыз” әнінің бейнебаяны шыққан кезде танымал әнші Төреғали Төреәлі тыңдармандарының сынына ұшыраған еді. Көзі қарақты көрермен бейнебаянның мағынасыз екенін, ал клипке түскен қыздың өз образын аша алмағанын айтып жатты.

Торегали_170217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сондықтан болар әнші “Біртүрлі қыз” әніне екінші рет бейнебаян түсірді. Алайда әншінің бұл ойы сәтсіз жүзеге асқан секілді. Бұған желі оқырмандарының төмендегі пікірлері дәлел:

“Жануарлардың не қатысы бар? “Біртүрлі қызға” біртүрлі клип шығарыпты, біріншісі жақсы шыққан еді”, “Бірінші клип жақсы шыққан, мына клип онша емес”, “Бір өлеңге екі клип па сонда?”, “Шынымен де біртүрлі екен”, “Істейтін жұмыс жоқ. Бір әнге екі бейнебаян түсіріп не керегі бар? Одан да түсірілмеген әндерге түсіру керек еді”, “Қала әдемі, бірақ бейнебаянның мағынасы неде?”.

Екінші бейнетуынды шетелде түсірілген. Тыңдармандар қала көшелеріне қарап, түсірілім Ресей астанасы Мәскеуде жүргізілген деп топшылады.

Жіберіп алмаңыз:

Арманның тон алып бергенін айтып мақтанған Аша сынға қалды

Қытай қызы: Димашпен тек Майкл Джексон теңесе алар еді (фото)

Қытай қыздары Димашқа “күн көрсетпей” жүр (фото, видео)

Ерке Есмахан: Тек еңбектің арқасында әдемі қызға айналдым

Талқылау