Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар: Киімді “барахолкадан” да ала беремін

Еліміздегі танымал “хитмендердің” бірі Ернар Айдар өнерімен ғана емес, өзіндік киіну стилімен дараланады. Ол сахналық костюмдерін арнайы тапсырыспен тіктіреді. Ал күнделікті киетін киімдерін қарапайым дүкендерден, тіпті, базардан ала береді.

ернар айдар-170217

Бұл туралы әнші КТК арнасының “Басты рөлде” бағдарламасында айтып берді.

“Жалпы ән кештерге костюмдерді арнайы тапсырыспен тіктіртемін. Соған тыңдармандарды үйретіп қойғанбыз ба, арнайы тіктірмей барсаң қабылдамай, «еңбектенбепті ғой» деп қарап тұрғандай боп қалады. Өзім костюм тіктірткенді жақсы көремін, бұл да бір естелік болып қалады ғой.

Күнделікті өмірде барынша Алматыдан киінемін. Алдыңғы жылы Дубайдан біраз киім алғанбыз. Бірақ ондағы киімдер онша ұнамады. Керек болса барахолкаға да барамын. Себебі барахолкада заттар бар, аяқ киім болады мысалы үшін. Мейлі арзан болса да, ол сенің киіміңе үйлесіп тұрады да, халыққа жағымды, сүйкімді көрінесің. Ең бастысы сол. Себебі біз бір киімді көп кимейміз. Мысалы бір костюмді әрі кетсе үш рет киесің, содан кейін басқасын тіктіру керек, ал енді ондай ақша күнде бола бермейді”, – дейді әнші.

Бірнеше рет киілген киімдерін әнші іні-бауырларына, ара-тұра тыңдармандарына сыйлайды екен.

Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова кезінде “әнші болмаймын” деп өнер академиясын тастап кеткен

Тамара Асар аяғының ауыр екенін айтып қалды

Төреғали “Біртүрлі қыз” әніне екі клип түсіріп ұрыс естіп қалды (видео)

Арманның тон алып бергенін айтып мақтанған Аша сынға қалды

Талқылау