Руслан Курбанов Колумбияда өткен Гран-при турнирінде күміс медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz
Қазақстан құрамасының жетекші спортшысы, шпагамен семсерлесуші Руслан Курбанов Гран-при санатындағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байрақты бәсеке Колумбияның Богота қаласында өтті.
Жартылай финалда Курбанов өзбекстандық Вадим Анохинмен тартысты кездесу өткізіп, 15:14 есебімен жеңіске жетті. Ақтық сында ол жапониялық Акира Коматаға қарсы шығып, 10:15 есебімен есе жіберіп, күміс медальді еншіледі.
Турнирдің қола жүлделері өзбекстандық Вадим Анохин мен франциялық Луиджи Мидельтонға бұйырды.
Қазақстан атынан тағы бір спортшы — Ерлик Сертай қатысты. Ол турнирде сегізінші орын иеленіп, үздік он спортшының қатарына енді. Қазақстандық спортшы ширек финалда тәжірибелі француз спортшысына жол берді.
Курбанов бұл жарыста бірнеше жоғары рейтингті қарсыласын жеңіп, финалға дейін сенімді түрде жетті.
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасы үшін осы Гран-при кезеңіндегі алғашқы жүлде болып табылады.
Руслан Курбанов — әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері. Сондай-ақ Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына қатысқан тәжірибелі спортшы.

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
