Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудныйдағы сәбилер үйіндегі сұмдық: Мекеме директоры тексерістен кейін қызметінен босатылды

Nur Otan партиясы жүргізген тексерістен кейін Қостанай облысының Рудный қаласындағы сәбилер үйінің директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Рудныйдағы сәбилер үйіндегі мүгедек жетім балалардың күтіміне қатысты бұзушылықтарды зерттеп, тексеру үшін облыстағы денсаулық сақтау басқармасының жанынан арнайы комиссия құрылды. 

Тексеріс барысында сараптамалық топ атаған бұзушылықтардың толықтай түзетілгені анықталды. 

«Нәтижесінде облыстағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Дудникті бақылаудағы әлсіздігі үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартып, Рудныйдағы сәбилер үйінің директоры Гилязутдинованы қызметінен босату туралы шешім қабылданды», - дейді партиядағылар. 

Ал арнайы мекемедегі балалар Қостанайдағы сәбилер үйіне ауыстырылды.

«Білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларына жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тиісті тексеріс жүргізу туралы тапсырылды», - дейді партияның баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Nur Otan партиясының жанындағы бала құқықтарын қорғау республикалық кеңесінің сараптама тобының мүшелері Рудный қаласындағы сәбилер үйінде аяқ астынан тексеріс жүргізіп, сұмдық жайттарға куә болған еді.

Артынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Бас прокуратураға хат жолдап, барлық интернат түріндегі балалар мекемесінде кешенді тексеруді ұйымдастыруды сұрады

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен "қыздығыңмен мақтан", себебі оған қалың мал төлейді

Смаилова: Жігіттер қыздарды әйелдікке емес, құл қылу үшін алады

Су сұрап үйге кірген: Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Зорлықтан қиналған бүлдіршінді әкесі тапқан

Жаңа туған нәрестені ұрлап алған әйел оны ерлі-зайыптыға сатып жіберді

Қыздың ұрланған бала екенін әйелдің өзі де, күйеуі де білмеген

"Елбасы келгенде диван да келді": Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасы туралы өз шындығын бөлісті

Продюсер: Аз қаражатқа жұмыс істеп жүргенде бізді қысқартып жіберді

Демалыс күндері ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Алматыда қар жауады

Түсік тастағанын күйеуінен жасырған әйел ауруханадан өзгенің баласын ұрлап кетті

Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

LRT ісіне қатысты елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысы туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан мәслихат хатшысы қамауға алынды

«Астана LRT» ісінде бес күдікті ұсталды

Қырғызстанның экс-президенті арнайы күштердің сарбазын өлтірді деп айыптады

Атамбаев күштеп ұстау әрекеті кезінде сарбазды өлтірді деген күдікке ілініп отыр

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі
Çàãðóçêà...