Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Қуанышқызы: Келініммен бір жыл бірге тұрдым, ол нағыз мен армандаған келін

Роза Рымбаева келін мен ене тақырыбында әңгіме қозғады. Әнші өз келінін қызындай көреді. Бір жыл бірге тұрған соң еншісін беріп бөлек шығарған. Әнші келіннің енеге жақын болуы екеуінің де түсінігіне байланысты деп түйді. 

Бұл туралы әнші Нұрлан Албанмен сұхбаты барысында айтты. 

Роза Рымбаева бір жыл бұрын құдағи атанып, әнші Ақерке Бүркітбайды келін етіп алды. Бес адам болып құдалыққа барғанын атап өткен әнші өзіне тағылған айыптар туралы айтты. 

“Ақерке наурыз айынан бастап біздің үйде тұрып жатты. Карантин басталып кетті. Сосын қызды әкеп алған соң құдалардан ұят болар деп алдынан өттік. Бес адам болып құдалыққа бардық. Құда-құдағидың алдынан өттік. Рұқсатын алдық. Киітімізді беріп, танысып қайттық. Сол жерде бір сурет желіге тарапты да, осыдан соң мені қылмыскер етіп көрсетті. Ол кезде елдің бәрі 200 адам, 300 адам болып той жасап жатты. Сонда бес адам болып барған менен жаман адам болған жоқ. Кейін құдаларым 12 кісі болып келді. Солай беташар тойын жасадық. ІІМ-нен бастап менің артыма түсті. Егер  үлкен той жасағанда, менімен Әлиді, Мәдиді, келінді қосып түрмеге тоғытар ма еді”, – деп ренжіді әнші.



Халық әртісі үлкен той карантин аяқталған соң жасалады деген еді бір сұхбатында. Ал келінмен бір жыл бірге тұрған ол ене мен келін арасындағы қатынас жайлы ойын айтты. 

“Ене мен келін тақырыбы бәріне қызықты. Ақерке өнер адамы. Батыстың қызы. Қобызда ойнайды. Қазақы тәрбие алған. Нағыз менің келінім. Мен армандаған келін десем де болады. Шыным осы. Ененің жақсы болуы да, келіннің жақсы болуы да, екеуінің түсінігіне байланысты. Егер енесі қызындай көрсе, келіні анасындай қараса, онда жақсы қатынас орнайды. Оған қоса айналасы да, достары да, туыстары да, ата-аналар да жақсы қатынаста болу керек. Мен келінмен бір жыл тұрдым. Сосын үй алып, бөлек шығардым”, – деді Роза Қуанышқызы. 

Талқылау